Роналду мен Касильяс әлем чемпионатында жолы болмаған футболшылардың тізіміне енді

13 Шілде 2014, 18:15
0
Роналду мен Касильяс әлем чемпионатында жолы болмаған футболшылардың тізіміне енді - Криштиану Роналду және Икер Касильяс. Сурет: sport-xl.org
Криштиану Роналду және Икер Касильяс. Сурет: sport-xl.org

Журналистер Бразилия жерінде сәтсіз ойнаған ойыншылардың символикалық құрамын жасақтап шығарды. Мұндай тізімді Reuters агенттігі жариялады, деп хабарлайды  Vesti.kz.

Әлем чемпионатында сәтсіз ойнаған футболшылардың қатарына Испания құрамасының қақпашысы Икер Касильяс та кірген. Еске салайық, оның құрамасы Бразилияда өтіп жатқан әлем біріншілігінің топтық кезеңіне де шыға алмады. Шабуылшылар арасында бұл символикалық құрамаға командалары топтық кезеңге шыға алмаған португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду мен итальяндық Марио Баллателли бар. Сондай-ақ ол қатарға Фред те қосылыпты. Оның құрамасы ширек финалға дейін сәтті өнер көрсетіп, бірақ жартылай финалда Германия құрамасы 7:1 есебімен, ал үшінші орын үшін өткен кездесуде Голландияға 3:0 есебімен жеңіліп қалды. 

Қорғаушылардан бұл мундиальда ең сәтсіз өнер көрсеткендер ретінде Дани Алвес (Бразилия), Серхио Рамос (Испания), Пепе (Португалия) және Бенуа Ассу-Экотто (Камерун) таңдалған. Одан бөлек Эден Азар (Бельгия), Синдзи Кагава (Япония), Александр Сонг (Камерун) сынды жартылай қорғаушылар да бұл тізімнен ойып тұрып орын алған. 

Айта кетейік, Бразилияның "Маракана" стадионында өтетін финалдық кездесу өтеді. Астана уақытымен 01.00-де басталатын бұл ойынды "Қазақстан" ұлттық арнасы мен "Еуразия" арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Әлем чемпионатында топ жарған құрамаға 35 миллион доллар бұйырады. Екінші орын алған команда 25 миллион алады.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай