01 маусым 2017 13:32

Роналдуды құбыжық еткен мүсінші Гаред Бэйлді де мазаққа айналдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©  Getty Images © Getty Images

"Реал" шабуылшысы Криштиану Роналдудың атақты болып кеткен сұрықсыз мүсінін жасаған Эммануэль Сантуштың кезекті туындысы тағы да елді дүрліктірді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.


"Реал" шабуылшысы Криштиану Роналдудың атақты болып кеткен сұрықсыз мүсінін жасаған Эммануэль Сантуштың кезекті туындысы тағы да елді дүрліктірді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.

Еске салайық, Португалияның Мадейра қаласындағы әуежайда орнатылған Роналдудың мүсіні Желіде жылдам тарап кеткен болатын. Ал Желі қолданушылары мүсіннің бет әлпеті Роналдуға еш ұқсамайтындығына күлген еді. 

Бұл жолы мүсінші Гарет Бэйлді бейнелеген. Футболшы мүсініне Paddy Power букмекерлік кеңсесі тапсырыс берген. 

"Менің атым шықты, өйткені мен жасаған Роналду мүсіні адамдарды күлдірді ғой. Сондықтан тағы бір футболшының мүсінін жасау мен үшін абырой", - дейді Сантуш. 

Сонымен бірге, енді бір футболшыны бейнелеп, хет-трик жасағысы келеді екен. Бэйлдің мүсінін жасауға 264 ағат жұмсалған, мүсін салмағы 40 келі, ал құны 25 мың фунт. 

Мүсін Кардиффтегі "Миллениум" стадионының маңына қойлыды. 3 маусымда мұнда "Реал" мен "Ювентус" кездесу өткізеді. 

Қазіргі кезде жаңа мүсінге байланысты әлеуметтік желілерде түрлі мемдер тарап кеткен. Бэйлді көбіне Дэнни Трехо және Рон Перлман сияқты актерлермен салыстырып жатыр. 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети