1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Спорт

Ронда Роузиді нокаутқа түсірген UFC чемпионы МакГрегорды сабайтынын айтты

© FIGHTER.kz © FIGHTER.kz

Жеңіл салмақта UFC чемпионы бразилиялық Аманда Нуньес осы салмақта өнер көрсетіп жүрген атақты ирландиялық Конор МакГрегор туралы өз ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Нуньес МакГрегорды жеңетініне сенімді. "Мен әлемнің ең мықты спортшылары арасында МакГрегордан жоғары тұрмын. Менің ойымша, UFC осындай жекпе-жек ұйымдастыруға мүмкіндік берсе, мен оны жеңемін", - деді бразилиялық.

Еске салайық америкалық атақты спортшы Ронда Роузи Лас-Вегаста өткен UFC 207 турнирінің басты жекпе-жегінде бразилиялық Аманда Нуньестен жеңіліп қалған. Нуньес жекпе-жектің бірінші секундтарынан шабуылға шығып, Роузи қарсыласа алмады. Қорытындысында төреші кездесуді тоқтатты.

UFC президенті Дана Уайт ирландиялық Конор МакГрегордың келесі қарсыласы ресейлік Хабиб Нурмагомедов болуы мүмкін екенін мәлімдеді.