Ронда Роузидің UFC-ге қайта оралатын уақыты белгілі болды

13 Қазан 2016, 11:12
0
Ронда Роузидің UFC-ге қайта оралатын уақыты белгілі болды - Ронда Роузи © Eurosport
Ронда Роузи © Eurosport

UFC президенті Дэйна Уайт аса жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпион Ронда Роузидің сегіз бұрышқа қайтып келетінін ресми мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Роузи 30 желтоқсанда Лас-Вегаста өтетін UFC 207 турнирі аясында жекпе-жек өтеді. 29 жастағы америкалық спортшының қарсыласы UFC-дің қазіргі чемпионы 28 жастағы бразилиялық Аманда Нуньес болмақ. Ол 17-кездесуінде 13 жеңіске жеткен.

Еске салайық, Роузи октагонға (сегіз бұрыштың латынша атауы) былтырғы жылдың қараша айынан, екінші рауындта жерлесі Холли Холмнан нокаутпен жеңілгеннен бері шыққан жоқ. 

Холм болса атағын алғашқы қорғауы кезінде Мише Тейттен жеңіліп қалды, ал Тейт өз кезегінде атағын алғаш қорғау кезінде осы Нульстен жеңілді. Бразилиялық спортшы бұл жекпе-жекте чемпион атағын алғашқы рет қорғайды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай