Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Рыпакова 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарында медаль алуға ниетті

12 Қазан 2016, 12:31
0
© Yvision.kz
© Yvision.kz

2016 жылы өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ольга Рыпакова 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиадаға қатысуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Рыпакова Петропавлда спортшылармен өткен кездесу барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, спортшы Петропавлдағы спорт сарайында жеңілатлеттерге арналған жаттығулар өткізіп, келушілермен әңгімелесті. Рыпакованың айтуынша, оның басты мақсаты - жас спортшыларға кеңес беріп, оларды жеңістерге жетуге шабыттандыру. Жақында Рыпакова 2008 жылғы Олимпиаданың ресми түрде қола жүлдегері атанған болатын. 

Сонымен қатар, Ольга Рыпакова жұртшылықпен әңгімелесе отырып, Рио ойындарында оның жеңіске жетуіне ненің себеп болғанын айтып берді.

"Менің әкем бұрын онсайыспен айналысқан. Сонымен қатар, ол менің бапкерім. Мен 8 жастан бастап спортпен айналысамын. Менің балаларым да спортты ұнатады. Қызым ұзақ уақыт бойы жеңіл атлетикамен айналысты, кейін волейболға ауысып кетті. 2016 жылы өткен Олимпиада жеңіске жетуіме көмек берген - ол менің отбасым. Біз күйеуімізбен бірге жарыстарға кетіп жүрдік, балалар апасымен бірге қалатын. Мен Риодағы жарыста қола медаль алғанымда, маған ең бірінші болып кімнің хабарласқанын да білмей қалдым. Ұялы телефонымды алып қарағанда, 60 қоңырау тұрды", - деді Рыпакова.

Сондай-ақ, спортшы өзінің болашақтағы жоспарларымен бөлісті. "Алысқа кетпей-ақ қояйын. Келесі жылы Лондонда әлем чемпионаты өтеді. Сол жарысқа қазірден бастап дайындалғым келеді. Сонда сәтті өнер көрсеткім келеді. Және Азияда өтетін ойындарда... кейін Токиода өтетін Олимпиада ойындарына қатысқым келеді", - деді спортшы.

Еске салайық, 2016 жылы Риода өткен Олимпиада ойындарында Ольга Рыпакова қола медаль жеңіп, оған көлік пен 50 мың доллар берілген болатын. Облыс басшысы Даниал Ахметов жерлестерінің атынан спортшыларды құттықтап, сыйлықтарын табыс етті. Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ольга Рыпаковаға Toyota Land Cruiser Prado көлігі мен 50 мың доллар көлемінде сыйақы берілді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай