08 қаңтар 2015 10:31

Сабина Алтынбекова Қазақстанды шетелге танытады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сабина Алтынбекова. ©instagram.com/altynbekova_20 Сабина Алтынбекова. ©instagram.com/altynbekova_20

Волейболшы қыз Сабина Алтынбекова Гонконгтан оралды, ол телевизиялық шоуларға қатысып, атақты адамдармен танысты, табынушыларымен кездесіп, жаттықты, - деп хабарлайды КТК.


Волейболшы қыз Сабина Алтынбекова Гонконгтан оралды, ол телевизиялық шоуларға қатысып, атақты адамдармен танысты, табынушыларымен кездесіп, жаттықты, - деп хабарлайды КТК.

Телеарна мәліметі бойынша, бұл қызметтік іссапар болды, себебі Сабинаға жақында бейресми түрде өте жауапты тапсырма берілді, ол - Қазақстанның атын шетелге шығаруы керек.

Қазақстандық танымал волейболшы Сабина Алтынбекова Гонконқа ұшып келгенде оның жанкүйерлері арасында ажиотаж туғаны бұған дейін хабарланған болатын. Жанкүйерлер оның әрбір ізін аңдып, әр сөзінен ұстап отырды.

Сабина Гонконгта шоуды атақты актер Кевин Чэнмен жүргізді. "Сабина - тамаша қыз, мен онымен әрі қарай да араласқым келеді. Оның мінезі тамаша", - деп мойындады әртіс.

Қыздың айтуынша, ол өз уақытын аямайды, ең бастысы Қазақстан туралы көп адам білсе болды. "Мен бүкіл әлемді аралап, волейбол арқылы елімді танытқым келеді", - деді ол сұхбат барысында.

Қытайдағы атақты журналдардың бірінің журналисті оның жігіттерге қатысты көзқарасын білу мақсатында қойған сұрағына ол: "Бұл сұрақты 23 жасқа қарай қоюға болады, менің бар зейінім қазір волейболда, Гонконг жігіттері өте тартымды, бірақ мен волейболға ғана тоқтаймын", - деп жауап берді.

Еске сала кетейік, Сабина Алтынбекова Оңтүстік-Шығыс Азияда өткен 19 жасқа дейінгі құрлықтық біріншіліктен кейін танымал бола бастады. Бірнеше аптаның ішінде ақтөбелік қыздың сұлулығына тамсанған Азияда жүздеген мың табынушы пайда болды. Қызға жарнама мен модель бизнесіне байланысты көптеген келісімшарт пен ұсыныстар айтылды. Бірақ Сабина ұсыныстың басым бөлігінен бас тартып, спорттық мансабын таңдайтынын айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети