25 шілде 2016 14:25

Седовтың Рио олимпиадасына пайдасы болмаса, мен оны қатыстырмайтын едім - Алексей Ни

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алексей Ни © almaty2014iwf.com Алексей Ни © almaty2014iwf.com

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни Владимир Седовтың 2016 жылы Рио-де-Жайнерода өтетін Олимпиадада ұлттық команданың құрамында болуын қалайтынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz


Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни Владимир Седовтың 2016 жылы Рио-де-Жайнерода өтетін Олимпиадада ұлттық команданың құрамында болуын қалайтынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz

"Мен оның айтқан сөздеріне қатысты түсінік бергім келмейді. Менің оған уақытым жоқ. Менің басқа да жоспарларым мен жұмыстарым бар. Мен оларға тек спортшылар ретінде қараймын. Спортшылармен жеке қарым-қатынаста болмаймын. Белгілі бір шегі бар", - деді Алексей Ни.

Сонымен қатар, ол Владимир Седовтың командаға пайдасы тигенін айтты. "Егер мен Владимирға сенбесем, оны Ташкентке, Талдықорғанға апармас едім. Мен мұның барлығын оны Олимпиадаға өткізу үшін жасадым. Егер оның пайдасы болмағанда, оны ешкім де дайындамас еді", - деді бас бапкер Алексей Ни.

Айта кетейік, 28 жастағы Седовтың спорт мансабында допингпен ұсталған жағдай осыған дейін де болған. 2006 жылы ол 2008 жылдыуң мамырына дейін жарыстардан шеттетілген еді. Ал Бейжіңдегі Олимпиадада Седов төртінші орын алған болатын. 

Еске салайық, Илья Ильин, Светлана Подобедова, Майя Манеза және Зүлфия Чиншанлоның 2012 жылғы Олимпиададағы сынамаларын қайта тексеру барысында допингтің бар екендігі анықталған. Ильиннің 2008 жылғы Олимпиададағы допинг сынамасында да тыйым салынған заттар бар болып шықты. Бұл спортшылар сол Олимпиада ойындарында алтын медаль алған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети