Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Серік Сәпиев: Біздің команда қамығып қалды, бірақ біз еңсемізді түсірмейміз

31 Шілде 2015, 17:08
1
Коллаж © Tengrinews.kz
Коллаж © Tengrinews.kz
Коллаж © Tengrinews.kz
Коллаж © Tengrinews.kz

Куала-Лумпурға (Малайзия) Олимпиада-2022 астанасын таңдау шарасына қазақстандық делегациямен қатысқан бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Алматының Бейжіңнен жеңіліс тапқанына қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Әрине, бүкіл делегация қамығып қалды. Бізге дауыс бергендердің барлығы келіп, таныстырылым үшін жылы сөздерін айтып жатыр. Шын мәнінде көпшілігі Қазақстанға дауыс берген, пайыздық көрсеткіштің қандай екенін білмеймін, бірақ Бейжіңнің көрсеткіші бізден аса жоғары деп ойламаймын. Біздің команда қамығып қалды, бірақ біз еңсемізді түсірмейміз. Біз қыстық қана емес, әлі жаздық Олимпиаданы өткіземіз", - деді Серік Сәпиев.

"Біз - жас елміз, бізге енді ғана 25 жыл толады. ХОК-тың географиялық жағынан жасаған таңдауы қызық - 2018 жылы Олимпиада Кореяда, ал 2022 жылы Қытайда өтеді. Географиялық жағдайы жағынан Алматы жақсы келеді, бірақ өтпей қалдық. Демек, Халықаралық Олимпиада комитеті солай шешті. Ештеңе етпейді. Одан әрі жұмыс істеуге ынта бар, алдымызда талай жеңіс күтіп тұр. Біреулерді Қытай сияқты бақталастан жеңілу ұят емес деген ой жұбататын шығар, дегенмен біз жеңгенде жақсы болатын еді", - деді спортшы.

Бұл туралы және өзге де спорт жаңалықтары жөнінде Vesti.kz сайтынан оқыңыздар.

Айта кетейік, бүгін малайзиялық Куала-Лумпурде өткен Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) 128-сессиясында Бейжің Олимпиада-2022 ойындарын өткізетін қала ретінде таңдалды.

Еске сала кетейік, Алматы ХОҚ-қа ресми түрде өтініш берген бірінші қала болды. Бұған дейін сарапшылар Алматы өтінімінің артықшылықтарын атады - осыған ұқсас жарыстарды өткізу тәжірибесі (2011 жылғы Азия ойындары), инфрақұрылым нысандарының 70 пайызға дайын болуы, ықшамдылығы (егер Олимпиада Алматыда болса, ол 30 шақырым радиуста өтеді, ал Бейжіңде бұл көрсеткіш жеті есеге жоғары - 200 шақырым), сонымен қатар, климаты - Алматыда Бейжіңге қарағанда қар қалың түседі.

 

Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай