20 желтоқсан 2017 18:30

Шөгеннен республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Kazpolo.кz © Kazpolo.кz

Алматы облысының Талғар ауданында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Қазақстан шөген федерациясының ұйымдастыруымен республикалық турнир өз мәресіне жетті. 17-19 желтоқсан күндері "Әулиеата", Astana Polo Club, Almaty Polo Club, Almaty Horse & Polo Club және осы турнирде бірінші рет өнер көрсеткен Tu’lpar Polo Club командалары жарыстың жүлделерін сарапқа салды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қазақстан шөген федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматы облысының Талғар ауданында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Қазақстан шөген федерациясының ұйымдастыруымен республикалық турнир өз мәресіне жетті. 17-19 желтоқсан күндері "Әулиеата", Astana Polo Club, Almaty Polo Club, Almaty Horse & Polo Club және осы турнирде бірінші рет өнер көрсеткен Tu’lpar Polo Club командалары жарыстың жүлделерін сарапқа салды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қазақстан шөген федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Әр команда айналмалы жүйе бойынша бір-бірімен 3 чакерден ойнап шықты.

17 желтоқсанда алғашқы ойында Almaty Polo Club командасы Tulpar Polo Club 6:2 есебімен жеңді. Astana Polo Club тартысты кездесуде Almaty Horse & Polo Club командасынан 3:1 нәтижесімен басым түсті. Almaty Polo Club пен "Әулиеата" шөген клубы арасында әсерлі ойын өтті. Almaty Polo Club 3:2 есебімен "Әулиеата" шөген клубын басып озды. Ал, соңғы матчта Астаналық Astana Polo Club Tulpar Polo Club құрамасын 2:0 есебімен жеңіске жетті.

18 желтоқсанда іріктеу ойындарының екінші күні додаға бірінші болып Almaty Horse & Polo Club пен Almaty Polo Club құрамалары тартысқа түсті. Есеп 0:5 нәтижесімен Almaty Polo Club жеңіске жетті. Astana Polo Club пен Әулиеата шөген клубы екінші ойында кездесіп, 3: 2 Astana Polo Club пайдасына шешілді. Tulpar Polo Club пен Almaty Horse & Polo Club құрамалар арасындағы тартыс 2:1 есеппен аяқталды.

19 желтоқсанда өткен ақтық ойында "Әулиеата" шөген клубы Almaty horse & Polo Club командасымен кездесті. «Әулиеата» клубының ойыншысы Нұрдаулет Момынов дүбірлі додада 3 гол салып шебер ойынына тәнті етті. Қызу ойында «Әулиеата» шөген клубының ойыншылары мен қатар поло-пони де өз үлесін қосып, қарсылас командаға "пони-гол" салды. Жалпы есеппен 6:1 "Әулиеата" шөген клубы жеңді.

Қызу тартыста Almaty Polo Club қарсыласы Astana Polo Club -ты 3:2 есебімен басып озды. Есеп 3 чаккерге дейін 2:2 ұпайымен теңесіп тұрды. Төреші қосымша тағы бір чаккер қосты. Ойынның соңғы минуттарында Кемел Мамедов қарсылас шөгеншілер қақпасының кілтін тауып шешуші гол соқты.

"Әулиеата" шөген клубы үшінші ойынында Tulpar Polo Club-пен кездесіп, 6:1 есебімен өз қарсыласынан басым түсті.

Осылайша, командалар келесі орындарға ие болды: 1 орын - Almaty Polo Club; 2 орын - Astana Polo Club; 3 орын - "Әулиеата" шөген клубы. 

Қазақстан шөген федерациясы 2012 жылы құрылды. 2014 жылы Халықаралық федерацияға мүше болды. 2015 жылдың қыркүйек айынан бері Қазақстан құрамасы және бірнеше отандық клуб шетелде, соның ішінде аталмыш спорт түрінде көш бастап тұрған Аргентина елінде тұрақты түрде жаттығу жиындарын өткізіп, халықаралық турнирлерде жүлде алуда.

Шөген спортын Қазақстанда кеңінен дамыту мақсатында 2017 жылы федерация балаларға тегін шөген секциясын ашты. "Ақбұлақ" спорттық сауықтыру кешені аймағындағы ат спорты кешенінде өткізілетін жаттығуларға 9-15 жас аралығындағы жасөспірімдер қатыса алады. Шөгеннің қыр-сырын еліміздің білікті бапкерлері үйретеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети