24 ақпан 2015 17:02

Шумахердің әйелі күйеуін емдету үшін үйін сатуға мәжбүр болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коринна мен Михаэль Шумахерлер. ©xsport.ua Коринна мен Михаэль Шумахерлер. ©xsport.ua

"Формула-1" сайысының жеті дүркін чемпионы Михаэль Шумахердің әйелі Коринна Шумахер күйеуіне жасалып жатқан емнің ақысын төлеу үшін отбасының баспанасын сатты, - деп хабарлайды Vesti.kz Abcnyheter.no порталына сілтеме жасап. Норвегияның Трюсиліндегі үй үш миллион долларға сатылды, жалпы аумағы 645 шаршы метрге жуық коттеджді сатып алған адамның аты-жөні белгісіз.

Айта кетейік, бұған дейін Шумахердің 2000 жылы үшінші чемпиондық титулын жеңіп алған Ferrari F-2000 көлігі мен жеке Falcon 2000EX ұшағы сатылымға шығарылған болатын. Осылайша Шумахердің отбасы оның қымбат емінің ақысын төлемекші. Бұған дейін БАҚ Шумахерді сауықтыруға 10 миллион фунт стерлингтен (15,3 миллион доллар) көп ақша кеткенін хабарлаған болатын. 

Қазіргі таңда Шумахердің төсектен тұрғаны белгілі, ол ем шараларының арасында терезе алдында отыра алады. Сонымен қатар, ол туыстарын тани бастады, бірақ бет бұлшықеттерінің семуіне байланысты әлі сөйлей алмайды.

Еске сала кетейік, Шумахер 2013 жылы 29 желтоқсанда Францияның Альпісінде тау шаңғысын теуіп жүріп басынан ауыр жарақат алған еді, ол ұзақ уақыт бойы жасанды комада жатты. Оның жағдайындағы алғашқы прогресс сәуір айында болды. Ал маусым айында оның комадан шығып, сауықтыру емханасына ауыстырылғаны хабарланды. Шілдеде оның әйелі Коринна Шумахердің жағдайы жақсарып келе жатқанын айтты. Шумахер қыркүйек айында сауықтыру емханасынан үйіне ауыстырылды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети