26 ақпан 2014 | 15:01

"Шымбұлақта" тау шыңғысынан теміржолшылар арасындағы халықаралық чемпионат басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "ҚТЖ" © "ҚТЖ"

"Шымбұлақта" тау шыңғысынан теміржолшылар арасындағы халықаралық чемпионат басталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл ҚТЖ акцоинерлік қоғамының аясында өтіп жатқан тау шаңғысынан Халықаралық теміржолшы-спортшылар одағының (ХТСО) USIC ХІХ халықаралық чемпионаты. Жарыста Чехия, Франция, Германия, Италия, Ресей, Швейцария, Бельгия, Болгария және Қазақстанның төрт әйелдер және тоғыз ерлер командалары қатысады. "Бұл сала мамандарының бірігуіне себепкер болатын керемет спорттық шара, 1947 жылы Флоренцияда өткен теміржолшы-спортшылардың екінші Еуропа конгресінде өз бастауын алған. Шараның басты мақсаты - әр елдің теміржолшыларын барлық спорттық шараларларда қолдау, сала мамандарын спорттық жиындарға тарту, адамдар арасындағы салауатты өмір салтын сақтауға шақыру", - делінген баспасөз хатында. "Шымбұлақта" өтіп жатқан шаңғыдан халықаралық турнир 2014 жылдың 1 наурызына дейін жалғасады. Айта кетейік, USIC одағына ҚТЖ 2010 жылдан бері мүше болып келеді. Қазіргі таңда бұл одаққа 25 ел мүше. Олардың қатарында шамамен Еуропаның барлық елдері мен Үндістан бар. Қазақстандық теміржолшы-спортшылар көптеген халықаралық және республикалық жарыстардың жүлдегерлері болып табылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети