22 ақпан 2014 11:58

Сочи Олимпиадасының 15 күні қазақстандықтар спорттың 3 түрінен сайысқа түседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Валерия Цой. zimbio.com Валерия Цой. zimbio.com

Сочи-2014 ойындарының 15 күні қазақстандық спортшылар спорттың 3 түрі бойынша сайысқа түседі, деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасай отырып. Медаль үшін бірінші болып сноубордшы Валерия Цой жарысқа түседі. Ол қатар слалом бойынша жарысады. Жарыс Астана уақыты бойынша 11.15-те басталады. 30 шақырымдық шаңғы жарысында әйелдер Астана уақыты бойынша 15.30-да жарыс жолына шығады. Спорттың бұл түрінен отандастарымыз Елена Коломина мен Татьяна Осипова бақ сынамақ. Ерлер арасында биатлон эстафетасы Астана уақыты бойынша 20.30-да басталады. Қазақстан атынан жарысқа Диас Кенешев, Сергей Наумик, Антон Пантов және Александр Трифонов қатысады. 22 ақпан күні Сочи-2014 Олимпиада ойындарында барлығы 7 медаль сарапқа салынады. Қазақстандық спортшылар жарысын KazSport және "Хабар" арналары тікелей эфирден көрсетеді. Сочи-2014 ойындарынан бөлек республиканың спорт қоғамы қазақстандық футболшылар ойыны мен Жоғарғы хоккей лигасының ойындарын тамашалайтын болады. Бүгін спортшылар арасында велосипедші Асан Базаев пен "Уотфорд" ағылшын ойыншысы, Қазақстан тұрғыны Александр Меркель туған күндерін атап өтуде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети