21 ақпан 2014 10:10

Сочи Олимпиадасының 21 ақпан күнгі күнтізбесі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елена Хрусталева. Сурет: zimbio.com Елена Хрусталева. Сурет: zimbio.com

Жұма, 21 ақпан күні Сочи Олимпиадасында жеті медаль сарапқа салынатын болады. Бұл күні спортшылар биатлон, тау шаңғысы, фристайл, керлинг және шорт-трек сынды спорт түрлерінен сынға түседі деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап. Қазақстандық спортшылардың қатарынан алғашқы болып әйелдер биатлоннан 6 шақырымдық эстафеталық жарысқа шығады. Біздің құраманың сапынан бірінші Галина Вишневская, екінші - Елена Хрусталева, үшінші - Дарья Усанова жүгіреді. Ал, командалық эстафетаны Марина Лебедева аяқтайтын болады. Астана уақытымен 20:30-да басталатын бұл жарысты KazSport арнасы тікелей эфирде таратады. Сонымен қатар бүгін шорт-тректен ерлер арасында 5000 метрлік командалық эстафета өтеді. Ресей, Қытай, АҚШ, және Нидерланды елдерінің спортшыларымен жарысатын бұл сында Қазақстан құрамасының намысын Абзал Әжғалиев, Айдар Бекжанов, Нұрберген Жұмағазиев, Аслан Думанов және Денис Никиша қорғайды. Жарыс Астана уақытымен 23:55-те басталады. Тікелей эфирде "Хабар" арнасы көрсетеді. Айта кетейік, Сочиде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының еншісінде Денис Тен алған бір ғана қола медаль бар. Ал, жалпыкомандалық есепте 10 алтын, 4 күміс және 7 қола медальмен Норвегия құрамасы бірінші орында. Екінші орында АҚШ құрамасы болса, үшінші сатыға Германия құрамасы жайғасқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети