15 ақпан 2014 16:01

"Сонар - 2014" мықты құсбегілерді анықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Ұлттық спорт түрлерінің "Сонар - 2014" республикалық жарысында еліміздің үздік құсбегілері анықталды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Саятшылық спорт түрлерінің жарысы Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Рахат ауылында өтті. Оған Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Алматы облыстары мен Алматы және Астана қалаларынан бүркітшілер келді. Құсбегілер сайысы әдеттегідей екі кезеңнен тұрды: құсты қоян мен түлкіге немесе кептерге салу және шырғаға түсіру (қолға қондыру). Бүркіт баптаушылардан Атырау облысынан келген Арман Қошқаров сыннан сүрінбей өтіп, бірінші орынды жеңіп алды. Екінші және үшінші орындарды Алматы облысының құсбегісі Аян Сейітжан мен Байрақ Тастамбек иеленді. Қалған екі орын Алматы облысының тұрғындары Бақыт Шәріпов пен Алмас Сейітжанға бұйырды. Қаршыға бәйгесінде Жамбыл облысының құсбегілеріне тең келер ешкім болмады. Бірінші орынды Бағдәулет Бабажан, екінші орынды Абылай Үсен, үшінші орынды Серікбол Жалғасұлы иеленді. Бүркітшілер сайысы бойынша бірінші орынға - 100 мың теңге, екінші орынға - 70 мың теңге, үшінші орынға - 50 мың теңге берілді, қалған екі орынның жүлдесі - 30 мың және 20 мың теңге. Қаршыға мен ителгі байқауы бойынша жеңімпаздарға 30 мың, 25 мың, 15 мың теңге көлемінде жүлделер тағайындалған. "Сонар - 2014" республикалық жарысы 1998 жылдан бері тұрақты түрде өтіп келеді. Биыл байқау "Нұр Отан" партиясының 15 жылдығына арналған. Ұйымдастырушылар: ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігі, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы, "Қыран" федерациясы және Алматы облысы әкімдігі. Шара аясында ұлттық спорт пен қысқы спорт түрлерінен басқа да жарыстар ұйымдастырылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети