16 ақпан 2014 17:31

Спорт басшысының берген бағасы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денис Тен және Тастанбек Есентаев. Фото: Айқын ЖАППАР Денис Тен және Тастанбек Есентаев. Фото: Айқын ЖАППАР

Сочи Олимпиадасындағы Қазақ үйінде ҚР Спорт және денешынықтыру агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев Денис Теннің сенімді ақтап, ел қоржынына қола жүлде салғанына риза екендігін білдірді. Көпшілік алдында Елбасының Д.Тенге жіберген құттықтау хатын оқып берді. Оның анасы Оксана Тенге жиналғандар алдында салтанатты түрде гүл сыйлады. Осы сәтте біз Агенттік басшысын сөзге тартқан едік: – Тастанбек Құтжанұлы, алғашқы медаль құтты болсын, жүлденің алды болсын деп тілейміз. Бұл соңғы болмайтын шығар? – Біз Дениске сендік. Үміт арттық. Барлық жағдайды қалт жібермей, қадағалап отырдық. Оның сенім үдесінен шығып, ел қоржынына жүлде салғанына қуаныштымын. Әрине, бұл соңғы жүлде емес деп, үміттенеміз. Енді командалық спринттегі шаңғымен жарысушы жігіттерге үлкен сенім артамыз. Сондай-ақ, шорттрекші жігіттеріміз эстафетада жүлдеге іліксе, нұр үстіне нұр болар еді. Алда әлі бірталай бәйге бар... – Ал Полторанин неге сенімді ақтай алмады? – Иә, 15 шақырымдық жекелей сында ол баршамыздың сенімімізді ақтай алмады. Біз бұл тұрғыда жан-жақты сараптама жүргіздік. Негізі, бұл классикалық әдіспен өткен жарыс еді. Ал Полторанин бұған бейім болатын. Бірақ дәл осы күні Сочиде күн жылып кетіп, қар жұмсақ болды. Соның кесірінен Алексей жоғары нәтиже көрсете алмады. Жұмсақ қар үстімен жүйтку оған қиынға соқты. – «Неге» деген тағы бір сұрақ көкейімізді қамшылап тұр. Денис Кузин өзінің сүйікті қашықтығы 1000 метрлік бәйгеде неге жүлдеге іліге алмады? – Дениске жеребе кері әсерін тигізді. Ол жарыс жолына ең соңғы жұпта шықты. Алдындағы қарсыластарының нәтижелері белгілі болатын. Бәрі – көз алдында. Алғашқы үштікте тұрған дүлдүлдер «Адлер-Арена» мұзайдында бұрын соңды тіркелмеген өте жоғары көрсеткіштер көрсетті. Кузин өзінің ең жоғарғы көрсеткішін (нәтижесін) біледі. Сондықтан қобалжып, жауапкершілік жүгі де басып, жүлдеге іліге алмады. Егер жүлделі орындарға орналасқан спортшылардан бұрын жүгіргенде, онда көңілге қонымды нәтиже көрсетер де ме еді... – Фристайлшы қыз-жігіттеріміз туралы не айтасыз? Жанкүйерлер төрешілердің кесірінен Галышеваның үздік алтылыққа іліге алмағанына қобалжулы. Үздік алтылыққа іліксе, мемлекеттік сыйақы алар еді. – Оған алаңдаудың қажеті жоқ. Біз Галышеваны сыйақысыз қалдырмаймыз. Демеушілеріміз бар. Юлияға да сыйақы беру жолдарын табамыз. Юлия үздік алтылық тұрмақ, жүлдеге де іліге аларлықтай өнер көрсетті. Біз оның бәрін көріп отырмыз. Ерен еңбегін, таудай талабын, шүмектеп төккен терін ескерусіз қалдырмаймыз. Сондықтан журналистер Юлия жөнінде ешқандай да алаңдаудың қажеті жоқ. Біз таланттарымызды бағалаймыз. Ал Дмитрий Рейхерд 5-орынға ие болды. Өз деңгейінде өнер көрсетті. – Жалпы, спортшыларымыздың көрсеткіштеріне ризасыз ба? Қай спорт түрі қынжылтып жүр? – Дәл қазір осы қысқы Олимпиада ойындарында екі спорт түріне қатты алаңдаулымыз. Бұлар: биатлон және шаңғымен тұғырдан секіру. Осы екеуінде кежегеміз кері тартып бара жатқандай. Басқа спорт түрлерінде алға жылжу бар. Мысалы, фристайлды алайық. Қыз-жігіттеріміз алғашқы ондықтан ойып тұрып, орын алып жатыр. Конькимен жүгіру және шаңғы жарысында да көшбасшылармен тайталаса алатындай дәрежеге жетіп қалдық. Ал биатлон мен шаңғымен тұғырдан секіру спорттарында көрсеткіштеріміз бұрынғыларымызбен салыстырғанда төмендеп барады. Мұның бәрін саралаймыз, қолға аламыз. – Рахмет, Тастанбек Құтжанұлы. Спортшыларымыздан әлі де ерлік күтеміз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети