Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Спорт қайраткерлерін Парламентаралық Ассамблея құрмет белгісімен марапттады

26 Сәуір 2014, 11:34
0
Сурет sports.kz сайтынан
Сурет sports.kz сайтынан

ҚР Парламенті сенаты төрағасының орынбасары Қайрат Ищанов отандық спорт қайраткерлерінің біразына ТМД құрамындағы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының құрмет белгісін табыстады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ҚР Парламенті сенаты төрағасының орынбасары Қайрат Ищанов ТМД құрамындағы елдердің Парламентаралық Ассамблеясының "Дене шынықтыру, спорт және туризмді дамытуға қосқан ерен еңбектері үшін" құрмет белісін бір топ отандық мамандарға табыс етті.

Мараптатталғандар арасында ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігі төрағасының орынбасары Е.Б.Қанағатов, спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының Бас директоры С.Ж.Мұсайбеков, Қазақстан бокс федерацииясының Атқарушы директоры Б.М.Бектенов, бокстан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Б.Ү.Әбдірахманов сынды спорт қайраткерлері бар.

Қайрат Ищанов отандық спорт қайраткерлерін салтанатты түрде марапаттау барысында қазақстандықтардың Парламентаралық Ассамблея тарапынан алғаш рет осындай құрметке ие болып отырғандарын атап өтті.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай