Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 326.88
EUR / KZT - 364.90
CNY / KZT - 47.85
RUB / KZT - 5.47

Спортшыларымызға барлық жағдайды жасадық, ал олар...

21 Ақпан 2014, 21:20
0
Сурет sport-express.ru сайтынан
Сурет sport-express.ru сайтынан
Бүгінгі таңда біздің елде спортшыларға барлық жағдай жасалуда. Мысалы, Сочи Олимпиадасына қатысып жатқан спортшыларымызға да жан-жақты жағдай жасалып, мейілінше қолдау көрсетілуде. Бірақ олар сенім үдесінен шыға алар емес.

Алақанға салып мәпелемесек те, Олимпиада ойындарына қатысатын спортшыларымызды ерекше күтімге алдық. Олар ештеңеден таршылық көрген жоқ десек те болады. Барлық жағдай жасалған. Мысалы, шаңғышы Николай Чеботько өзінің 30 жұп шаңғысы бар екендігін айтты. Ал Алексей Полторанинде одан көп көрінеді. Тіпті 200-ге жетіп жығылатындай ма...

Ол, ол ма?! Кейбір спортшыларымызды бөле-жара дайындап, айрықша жағдай жасап та жүрміз. Мысалы, Алексей Полторанин ұлттық құрамадан бөлек жаттығады. Өзінің жеке командасы бар. Денис Тенге де бөле-жара жағдай жасап жүрміз. Жазғы спорт түрлерінде де осындай "ерекше спортшыларымыз" бар.

Өкінішке қарай, спортшыларымыздың көбісі сенімді толық ақтай алмай жатыр. Ал, бірақ біз сенім үдесінен шыға алмаған спортшыларымызды сөгіп жатқан жоқпыз. Өйткені намысты қолдан бермеуге тырысып, бар күш-жігерлерін салып жатқандарын көріп жүрміз. Байқап та отырмыз. Спортты ғылыммен ұштастырмасақ, тасымыздың өрге домаламайтындығын, жұмсалған қаржы мен төккен тердің зая кететіндігін де түсіне бастадық.

Тек осының бәрін спортшылар дұрыс түсінсе дейміз. Әйтпесе, қайсыбір спортшыларға айрықша жағдай жасап, оларды жеке дайындау ұлттық құраманың басқа мүшелерінің көңілдеріне кірбің түсіретіндей ...

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай