Спорттан екі жылға шеттетілген қазақстандық зілтемірші Азия Кубогында жеңіске жетті

16 Желтоқсан 2016, 13:40
0
Спорттан екі жылға шеттетілген қазақстандық зілтемірші Азия Кубогында жеңіске жетті - © express-k.kz
© express-k.kz

Қазақстандық Александра Аборнева ауыр атлетикадан Азия Кубогының жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қатарда өткен жарыс кезінде Аборнева 75 келіден жоғары салмақта үздік нәтиже көрсеткен. Екі жаттығу қорытындысы бойынша, ол 241 келі көтерді (105+136).

30 жастағы қазақстандық спортшы үш рет Азия чемпионаттарының жүлдегері атанған. 2008 және 2011 жылдары ол қола, ал 2012 жылы күміс жүлдеге ие болды. 2013 жылы Аборнева Азия чемпионы болды, бірақ, допинг салдарынан атағынан айырылып, екі жылдық шеттетуден кейін спортқа қайта оралып отыр. 

Айа кетейік, Қазақстан Азия Кубогында екі алтын алып отыр. Мұның алдында 77 келі салмақта Айдар Қазов алтынды иеленді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай