04 ақпан 2019 11:18

Супербоул жеңімпаздары анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

АҚШ-та Ұлттық футбол лигасының осы маусымдағы финалдық кезеңінде New England Patriots командасы Los Angeles Rams клубын 13:3 (0:0, 3:0, 0:3, 10:0) есебімен жеңді. Кездесу Атлантада Mercedes-Benz Stadium стадионында өтті, - деп хабарлайды Reuters.

Клуб осымен алтыншы рет жеңіске жетіп отыр. Сонымен қатар, бұл ойында 41 жастағы Том Брэди арнайы атаққа лайық болды. Ол чемпионатты жеңген ең үлкен квотербек атанды. 

New England Patriots NFL жарыстарының алты дүркін  (2001, 2003, 2004, 2014, 2017, 2019) чемпионы атанды. Жеңіс саны бойынша олар Pittsburgh Steelers командасымен қатарласып, бірінші орынға шықты

Супербоул - америкалық футболдағы АҚШ-тың Ұлттық футбол лигасында чемпион атану үшін ойналатын финалдық матч. АҚШ-та бұл Super Bowl Sunday (жексенбі Супербоул) мерекеге айналған. Миллиондаған қаражат жарнамаға бөлінеді және көрермендер саны жүз миллионнан асады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети