17 ақпан 2014 19:38

Талғат Байсуфинов орнынан кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талғат Байсуфинов. Сурет: sportal.bg Талғат Байсуфинов. Сурет: sportal.bg

Павлодарлық "Ертіс" футбол командасының бас бапкері Талғат Байсуфинов орнынан кетті деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап. Бапкерлік қызметінен кетуін Талғат Маруанұлы біраз демалып, денсаулығына көңіл бөлгісі келетіндігімен түсіндірді. "Соңғы төрт жыл ішінде бапкерлік қызмет атқару қиын тиді. Қаржы мәселесіне байланысты командада ауыр кезеңдер де орын алды. Осы жағдайдың бәрін бастан өткеру мен үшін оңай емес. Сондықтан демалыс алғым келді. Оның үстіне денсаулығыма да қарау керекпін. Осы жайттарға байланысты команда жетекшілеріне орнымнан кету туралы арыз жаздым", - дейді Талғат Байсуфинов. Сонымен қатар бапкер команданың негізгі ойыншылары мен бапкерлер қосыны сол қалпында қалатыны туралы айтып берді. Одан бөлек ол кез-келген уақытта командаға қол ұшын беруге дайын екендігін де жеткізді. "Павлодар футболы жоғары деңгейде болатынына сенімдімін. Оның үстіне мен алысқа кетпеймін. Осында жігіттердің қасында боламын. Менің тарапымнан қандай да бір көмек керек болатын болса, мен әрдайым қол ұшын беремін", - дейді. Айта кетейік, "Ертіс" командасының бас бапкерлік қызметін бүгіннен бастап Ойрат Садуов атқарады. Қолдағы бар мәліметтерге жүгінетін болсақ, команда жетекшілері былтырғы қаржылық мәселесін толығымен шешіпті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети