30 қыркүйек 2016 17:32

Тараздық студент қыз кикбоксингтен әлем кубогын иеленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арайлым Әуезова Арайлым Әуезова

Тараздық студент қыз кикбоксингтен әлем кубогын иеленді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ТарМПИ ақпараттық-имидждік қызметіне сілтеме жасап.


Тараздық студент қыз кикбоксингтен әлем кубогын иеленді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ТарМПИ ақпараттық-имидждік қызметіне сілтеме жасап.

Ресейдің Анапа қаласында кикбоксингтен ересектер арасындағы VII әлем Кубогында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының 2-курс студенті Арайлым Әуезова жеңімпаз атанды.

21-26 қыркүйек күндері Анападағы "Витязево" спорт кешенінде өткен байрақты бәсекеге 28 елден келген 200-ден астам спортшы қатысты. Арайлым Әуезова 48 келі салмақ дәрежесінде үш белдесу өткізіп, жарыс жолында Үндістан, Беларусь және Ресей елдерінен келген қарсыластарынан басым түсті.

"Әлем Кубогына қатысушылар кикбоксингтің барлық түрлері бойынша бақтары мен баптарын сынады. Әсіресе, "point fighting" және "К-1" нұсқалары аса тартысты өтті. Арайлым төбелесу тактикасы мен техникасының әдемілігі жағынан өзгелерден оқ бойы озып шықты", - дейді бапкері, Жамбыл облысының кикбоксингтен аға жаттықтырушысы Сәбит Усипов.

Жас спортшы бұған дейін кикбоксингтен ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионатының алтын медаль иегері және аталған спорт түрінен ҚР Кубогы үшін жарыста 2-орынды қанжығасына байлаған.

Қазіргі уақытта ол биылғы жылдың 14-16 қазан күндері Алматыда өтетін республикалық "Үздіктер турниріне" дайындалып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети