05 қыркүйек 2014 15:14

Тасмағамбетов таэквондодан қара белбеу иегері атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ҚТФ ©ҚТФ

Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов таэквондодан қара белбеу мен 7-данның иегері атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазақстан таэквондо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов таэквондодан қара белбеу мен 7-данның иегері атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазақстан таэквондо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Федерация президенті Вячеслав Ким Бүкіләлемдік таэквондо федерациясы атынан Тасмағамбетовке Астана қаласы әкімінің аты-жөні тігілген қара белбеу мен жетінші дан туралы сертификатты табыс етті. Вячеслав Ким ел спортын, оның ішінде таэквондоны дамытуға зор үлес қосқаны үшін қала басшысына алғысын білдірді.

Иманғали Тасмағамбетов болашақта Қазақстандағы таэквондоны дамытуға үлес қоса беретінін жеткізді.

29-31 тамыз аралығында Астанада Бүкіләлемдік Гран-при додасы өтіп, Бүкіләлемдік федерация басшылығы біздің елімізге толық құраммен келген болатын. Аталған топты бастап келген Бүкіләлемдік федерация президенті Чунгвон Чо Иманғали Нұрғалиұлына құрметті данды арнайы тапсыруды міндеттеді.

Еске сала кетейік, 2014 жылдың басында Чо мырза Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, оған тоғызыншы данды және оның белбеуі мен кимоносын табыс еткен болатын. Мемлекет басшысы сол кезде бұл кимононы таэквондодан ең жоғарғы данды иеленген қазақстандық спортшыға берілетінін айтқан еді.

Айта кету керек, мұның алдында, 2013 жылы таэквондодан тоғызыншы данды Ресей президенті Владимир Путин де иеленген болатын. Чунгвон Чоның айтуынша, РФ басшысы ұрыс жекпе-жегімен және спорттың басқа да түрлерімен белсенді айналысады. Бүкіләлемдік федерация басшысы таэквондодан Ресей құрамасының табысты өнер көрсетіп жүргенін де атап өтті.

Тоғызыншы дан - таэквондодағы ең жоғарғы дәреже. Ол жекпе-жектің бұл түрінің ұлы шеберлеріне беріледі. Әлемде бұл дәрежеге санаулы адам ғана ие.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети