17 қараша 2017 12:34

"The Эфир" Ләйлә Сұлтанқызымен: Данияр Елеусінов ажырасып кеткенін мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"The Эфир" жобасында Олимпиада чемпионы, белгілі боксшы Данияр Елеусінов Ләйлә Сұлтанқызына өзінің табысы жайлы және кәсіпқой боксқа не себепті ауыспай қалғанына қатысты, сонымен қатар, әйелімен ажырасқаны туралы жаңа мән-жайды баяндады,  - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"The Эфир" жобасында Олимпиада чемпионы, белгілі боксшы Данияр Елеусінов Ләйлә Сұлтанқызына өзінің табысы жайлы және кәсіпқой боксқа не себепті ауыспай қалғанына қатысты, сонымен қатар, әйелімен ажырасқаны туралы жаңа мән-жайды баяндады,  - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сұхбат барысында Елеусінов жеке өмірі жайлы деректерді ашық айтты. 

"Негізінде құпия сақтағым келген. Шынымды айтсам, қазір жанұям қасымда емес. Баламмен араласамын. Жақын арада ғана сондай шешімге келдік. Алда уақыт көрсетеді. Бөлек тұрып көрейік, ең бастысы бұл жерде бізді ұстап тұрған бала болатын, бала қиналып қалмасын дедік. Әкесінен айырылмасын деген ойымыз болды. Еркек болғаннан кейін баламнан ешқашан бас тартпаймын. Баламды қатты жақсы көремін, балажанмын. Оған бүкіл жағдайды жасауға тырысамын", - деді Елеусінов отбасы жайлы. 

Сонымен қатар, ол бала кезіндегі арманының орындалғанын баяндады. 

"Бала кезімде Олимпиада чемпионы болу арманым еді. Арманыма жеттім. Қазір шешім қабылдадым, әзірше әуесқой бокста қалдым деп айта аламын. Себебі маған келіп түскен ұсыныстар көңілімді толықтай толдырған жоқ. Басында кәсіпқой боксқа ауысамын деп ойлағанмын, бірақ ұсыныс түсіргендер келісімшарт бойынша өз міндетін орындамады. Олар қазақ спортшысына мұндай көп ақша төлегенше, өзімізге ақша құяйық деген сияқты, сондай бір сыбыстар болды", - деді боксшы кәсіпқой рингке өту мәселесі жайлы.

Осыдан кейін жүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы спортшыға Елбасымен кездескені жайлы айтып беруін өтінді.

"Өте қуанышты сезімде болдым. Елбасы құттықтап, жанұям туралы сұрады, әйеліммен және баламмен бірге шығып келе жатқан кезімде "отбасың ба?" деп сұрады. Баландин сол жағында, мен оң жағында отырдым. Елбасыға спортшыларға деген көзқарасы үшін алғыс айттым, сонда аяғымнан осылай қаққан болатын. Оның өзі маған үлкен мәртебе, абырой", - деп баяндайды сұхбатта Елеусінов.

"The Эфир" Ләйлә Сұлтанқызымен: Тұрсынбек Қабатов табысы, бәсекелестік және бала тәрбиесі жайында

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар. Ләйлә Сұлтанқызы Facebook және Instagram желісінде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети