1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Спорт

Тхэквондошы Жансель Дениз Универсиаданың күміс медалін жеңіп алды25 тамыз 2017, 17:02

Жансель Дениз © Facebook Жансель Дениз © Facebook

Қазақстандық тхэквондошы Жансель Дениз Универсиада ойындарының күміс жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін спортшы қыз бастапқы раундтарда еш қиналған жоқ.

Финалға дейін ол түрік тхэквондошысы Суде Булутпен сайысқа түсті. Нәтижесінде Жансель Дениз қарсыласын 3:1 есебімен жеңіп шықты.

Ал алтын медаль үшін ол кореялық Дабин Лимен таласты. Кореялық тхэквондошы Жансель Денизді 34:11 есебімен жеңіп кетіп, алтын жүлдеге ие болды.

Еске сала кетейік, қазіргі уақытта Қазақстан қоржынында үш алтын медаль бар. Бірінші орын иеленген спортшыларымыз - Альберт Линдер, Айдар Қазов және Денис Уланов.