25 сәуір 2017 15:42

Турнир президенті Қуат "Найман" Хамитовтың жеңіліс тапқан жекпе-жегі жайлы пікірін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қуат Хамитов. © instagram.com/kuat__khamitov Қуат Хамитов. © instagram.com/kuat__khamitov

Fight Nights Global президенті Камил Гаджиев ресейлік Магомедсайгид Алибеков пен қазақстандық Қуат Хамитовтың арасында матч-реванш болуы мүмкін деген қауесеттерге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Fight Nights Global президенті Камил Гаджиев ресейлік Магомедсайгид Алибеков пен қазақстандық Қуат Хамитовтың арасында матч-реванш болуы мүмкін деген қауесеттерге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Біріншіден, реванш әрқашан қызық болады. Бірақ чемпион мен кешегі үміткердің арасында дереу реванш өткізу мүмкін емес. Бүгінде Қуат Хамитов соңғы жекпе-жегінде жеңілісі бар. Fight Nights қабылдаған спорттық заңнама мен техникалық ережелер бойынша ол белбеу үшін таласа алады", - деді ол реванш жайлы. 

Сондай-ақ, оның пікірінше, Хамитов соңғы жекпе-жегінде жеңілді. "Алибеков - Хамитов жекпе-жегі шын мәнінде тең болды және шешілмеген мәселелер қалып қойды. Бұл индустрия үшін жақсы. Олардың тағы да кездесетініне сенімдімін. Себебі бастапқы тарихы бар, үлкен жекпе-жектер тарихтан құралады. Басты жекпе-жегі осы екеуінің арасында өтетін турнир Қазақстанда өтеді деуге негіз бар. Бірақ осы салмақта Хамитовтың қарсыласы көп. Басқа жігіттер де оның қызығушылығын туғызуы мүмкін", - деп ой бөлісті Гаджиев.

"Ол қазақстандық ММА-ны жақсы дамытып жатыр. Ол бес раундқа созылған титулға талас жекпе-жегінде мүмкіндігін көрсете алмады. Меніңше, өзінің де, қарсыласының да мүмкіндігі зор. Ол мұның зор жауапкершілік екенін түсінді. Қаншама адамның жанкүйер болғанын түсінді. Қаншама сөз айтылды... Бірақ мен басқа мәселені айтып отырмын. Осындай жігіттер спорт залында да, одан тысқары жүргенде де өзіне назар аудартады. Аудиториясы кең. Адамдар қазақ ММА-сы мен Fight Nights-ты осы жігіттің арқасында тамашалай бастады. Бұл керемет. Ол осы жазда, мүмкін күзде төбелеседі. Өзі көрсеткен деңгей оған басқа амал қалдырмайды. Ол тек үздіктермен төбелеседі. Ал бізде мықтылар көп. Қалпына келуге уақыт көбірек болғанда, оны Астанадағы турнирден қатысушы ретінде көретін едік. Ол енді мұнда құрметті қонақ болады", - деді ұйымның президенті.

Айта кетейік, Владивостокта өткен Fight Nights Global 63 турнирінің басты жекпе-жегінде отандасымыз ресейлік Магомедсайгид Алибековпен кездесіп, төрешілердің шешімі бойынша жеңілген. Жекпе-жек жоспарланғандай барлық бес раундқа созылды. Нәтижесінде Алибеков 49-47, 47-47, 49-45 есебімен айласын асырып кетті. Айта кетейік, бұл Қуат Хамитовтың Fight Nights Global ұйымында өткізіп отырған екінші жекпе-жегі. Ал кейін Жеңіліс тапқан Қуат Хамитов төрешілердің шешіміне қарсы шықты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети