UFC чемпионы боламын - Дамир Ысмағұлов

15 Қаңтар, 14:17
0
UFC чемпионы боламын - Дамир Ысмағұлов - © Reuters
© Reuters

Ресей тумасы, этникалық қазақ Дамир Ысмағұлов QazSport арнасына берген сұхбатында UFC ұйымымен келісімшарты және келесі жекпе-жегі туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Менеджер келіссөздерден кейін қыркүйекте Мәскеуде жұдырықтасуымыз мүмкін екенін айтты. Астанаға барып, жергілікті жігіттермен жаттықтым. Бірақ жекпе-жек өтпей қалды. Қытайда жұдырықтасуды ұсынды. Бірақ онда қарсылас бас тартты. Қарсылассыз қалам деп ойладым. Алғашқы жекпе-жек келесі жылға қалуы мүмкін екені айтылды. Сәті түсіп, Аустралияда кездесу өткіздім. Қиын болды, бірақ, Қазақстаннан жігіттер келіп қолдағаны жақсы болды. Қолдау сезіліп тұрды. Мен октогонда, ал жанкүйерлер оның сыртында айқасты", - дейді Дамир Ысмағұлов.

Ресей атынан шыққан қазақ файтері алдағы жоспарларын да бөлісті. 

"Біраз ойлар бар. Бұл жолы біреудің орнына шықпаймын деген үміттемін. Қарсыластың есімі жаттығу лагерін толық өткізу үшін айтылады. Ақпан айында Прагада жекпе-жек сұрадым. Қай жерде болсын жұдырықтасуға даярмын. Ресми түрде жекпе-жегім туралы қаңтарда жарияланады. Жартылай жеңіл салмақта қарсыластар қарастырдым. Мұнда жақсы дайындық қажет. Бұл дивизионда белбеуге жетем деген ойдамын. Менеджер жеңіл салмақты ұсынып отыр. Келімсімшартым төрт жекпе-жекке, біреуін жеңіл салмақта, қалғандарын жартылай жеңілде өткізетін шығармын", - дейді ол. 

Сондай-ақ, спортшы Қазақстанның қай спортшысын UFC-де елестете аласыз? - деген сұраққа жауап берді. 

"Қазақстандық спортшылар ілгерлеп келеді. Барлығымен хабарласып тұрамын. Өз еліңде ғана жеңу аздық ететінін түсіну қажет. М-1 промоушенінде чемпиондық белбеу қажет және оны бірнеше рет қорғау керек. Жако (Жалғас Жұмағұлов) - Fight Nights чемпионы. Әр жекпе-жегінде ол UFC-ге жақындап келеді. Бізде файтерлер көп, бірақ, оларға көп еңбектену қажет", - деді файтер. 

Еске салайық, Ресей тумасы, этникалық қазақ Дамир Ысмағұлов карьерасында 27 жекпе-жекте жеңіске жеткен (9 нокаут) және екі рет жеңілген. Ысмағұловтың UFC ұйымымен келісімшартқа отырғаны жайлы хабарланған болатын. 

2 желтоқсанда ол UFC ұйымында өткізген бірінші жекпе-жегінде жеңімпаз атанды. Исмағұловтың қарсыласы австралиялық Алекс Горджес болды. Олардың жекпе-жегі Австралияның Аделаида қаласында UFC Fight Night 142 турнирі аясында өтті. Олардың кездесуі үш раундтан тұрды. Төрешілердің бірауыздан шығарған шешімі (30-25, 30-26 және 30-26) бойынша Исмағұлов жеңімпаз атанды. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай