1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Спорт

UFC чемпионы Макгрегор ресейлік Нурмагомедовты мазақ етті31 қаңтар 2017, 10:56

© MMAoctagon.ru © MMAoctagon.ru

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Конор Макгрегор ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен америкалық Тони Фергюсонды "қапшық" деп мазақтап, екеуі де өзімен жекпе-жекке шығуға лайықты емес екенін айтты, - деп хабарлайды RT.

4 наурызда Нурмагомедов пен Фергюсон арасында жекпе-жек өтеді, олар Макгрегордың белбеуіне таласу құқығы үшін кездеседі. 

"Мен түсінемін, кәсіптің аты кәсіп. Өзіңе назар аударту үшін дүрлігу туғызу қажет. Анау екі жігіт, уақытша титул үшін таласатын - олар бар болғаны жәй екі қапшық. Мен екеуінді де нокаутқа түсіремін", - деді ирландиялық спортшы журналистерге берген сұхбатында. 

Сонымен қатар ол, екеуінің де менің белбеуімді тартып аламыз деген ойлары қате екенін айта кетті.


Алматыда митинг өтті