31 желтоқсан 2016 13:06

UFC-ге оралған Ронда Роузи 48 секундтың ішінде жеңіліс тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© UFC © UFC

Америкалық атақты спортшы Ронда Роузи Лас-Вегаста өткен UFC 207 турнирінің басты жекпе-жегінде бразилиялық Аманда Нуньестен жеңіліа қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Америкалық атақты спортшы Ронда Роузи Лас-Вегаста өткен UFC 207 турнирінің басты жекпе-жегінде бразилиялық Аманда Нуньестен жеңіліа қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Нуньес жекпе-жектің бірінші секундтарынан шабуылға шығып, Роузи қарсыласа алмады. Қорытындысында төреші кездесуді тоқтатты.

"Ронда Роузиді ұмытыңыздар. Ол киноға біржола кетіп, оралмаса да болар еді. Мен дәл осы жолмен барлығын тоқтатқанмын. Бұл жекпе-жек болады дегенде-ақ, осылай болатынын білгенмін. Ақылымды, рухымды және денемді осыған дайындадым", - деп мәлімдеді Нуньес октагонда тұрып.

Айта кетейік, 29 жастағы Роузи 2015 жылдың желтоқсанында жекпе-жек өткізген болатын. Сол уақытта ол отандасы Холли Холмнан жеңіліп қалған еді. Кейін Холм UFC титулын Миша Тейтке беріп қойды. Ол өз кезегінде биыл шілдеде чемпиондық белбеуді 28 жастағы Нуньеске беруге мәжбүр болған.

28 жастағы Нуньес осымен 18-ші жекпе-жек өткізіп, 14-ші жеңісіне қол жеткізді. Ол аса жеңіл салмақ дәрежесінде титулын қорғап қалды. 29 жастағы Роузи Холмнан жеңілгеннен кейін октагонға бірінші рет шыққан.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети