29 маусым 2016 14:13

UFC жұлдызы Хабиб Нұрмагомедов Астанада ережесіз жекпе-жектен жаттығу өткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Астана қалалық мәдениет басқармасы © Астана қалалық мәдениет басқармасы

Жауынгерлік өнер фестивалінде астаналықтар жекпе-жектер ұрыстарын тамашалайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сайтына сілтеме жасап. 


Жауынгерлік өнер фестивалінде астаналықтар жекпе-жектер ұрыстарын тамашалайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сайтына сілтеме жасап. 

Астанада Елорда күні қарсаңында "Дәулет" Ұлттық теннис орталығында екінші халықаралық жауынгерлік өнер фестивалі өтеді, шара барысында үздік жекпе-жек өкілдері бір аренада өз өнерлерін ортаға салады. Фестиваль бағдарламасында үздік шеберлер 11 дисциплинадан көрнекі ұрыстар көрсетеді. Елордалықтар спорттық мерекеге арнайы келген танымал қонақтармен кездеседі. 

Вин-Чун халықаралық федерациясының құрметті президенті Сифу Дональд Мак Астанаға алғаш рет ат басын тіреді. Қазақстанда аталмыш федерацияның 4 мектебі жұмыс істейді. 

"Вин-Чун Қытайда пайда болған, 200 жуық жыл бұрын оның негізін әйел адам қалаған. Жекпе-жектің бұл түрін Брюс Ли мен оның ұстазы Ип Ман кеңінен таратқан. Қазіргі кезде бұл мектептің әлемнің 16-дан астам мемлекетінде 100 артық филиалы бар. Оқу жүйесі стандартталған, бұл осы спорт түрін кеңінен дәріптеп, барша әлемде дамытуға мүмкіндік береді. Ал Қазақстанға жақында ғана әкелінді. Мен өз тарапымнан оны қарқынды түрде дамыту үшін бар күшімді саламын", - деді Дональд Мак.


© Астана қалалық мәдениет басқармасы

Фестиваль қонақтарының бірі аралас стильдегі кәсіпқой спортшы Хабиб Нұрмагомедов. Ол Астананың әрқашан да жылы шыраймен қарсы алатынын атап өтті.

"Мені Қазақстанда көп адам қолдайтынын білемін және сеземін. Сондықтан алдымен Дағыстанда, содан кейін болашақта осында жекпе-жектер мектебін ашуды жоспарлап отырмын", - деді спортшы. 


© Астана қалалық мәдениет басқармасы

Спорт сүйер қауым фестивальде кәсіпқой спортшы, әскери жекпе-жектер нұсқаушысы Сергей Бадюктің өнерін тамашалайды. Ол келер жылы астаналық парктерде шанти-практика өткізуге уәде берді. 

"Спортқа тартылатын жастар көп, бақытымызға орай, бұл бүгінде сәнге айналды. Бәріне бірдей жекпе-жекпен айналысу қажет емес, ең бастысы деніміз сау әрі мықты болсақ болды. Астанада алаңдармен жасақталған жақсы парктер бар, сондықтан келер жылы шанти-практика өткізуіміз әбден мүмкін", - деді Сергей Бадюк.

Фестивальдің құрметті қонақтарының ішінде тай боксшысы және кикбоксер, тай боксынан Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері Артем Левин де бар. Спорттық мерекеге отандық спортшылар да қатысады. 

Айта кетейік, аренада Италия, Қазақстан, Қытай, Ресей, Филиппин және Жапония мемлекеттерінің үздік шеберлері өнер көрсетеді. Ал ертең, 29 маусымда қатысушылар елордалық оқушыларға арналған шеберлік дәрістерін өткізеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети