12 желтоқсан 2016 16:17

UFC жұлдызы Хабиб Нурмагомедовтың Алматыға келуі халықты дүрліктірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Vesti.kz © Vesti.kz

Аралас жекпе-жектен ресейлік спортшы Хабиб Нурмагомедовтың Алматыға келуі халықты бір дүрліктірді, - деп жазады Vesti.kz.


Аралас жекпе-жектен ресейлік спортшы Хабиб Нурмагомедовтың Алматыға келуі халықты бір дүрліктірді, - деп жазады Vesti.kz.

"Мен Алматыға осыған дейін де келгенмін. Шақырту алғанда бірден келістім. Кестем тығыз, бірақ мұнда келуге уақыт таптым. Сіздерге көп рақмет! Әрдайым жылы қарсы аласыздар!" - дейді Нурмагомедов.

Мұның алдында 12 желтоқсан күні Нурмагомедовтың Алматыға келіп, диалог-семинар өткізетіні хабарланған болатын. Семинарды Нурмагомедовпен қатар Абубакр Нурмагомедов, Зубайра Тухугов және Ислам Махачев жүргізеді.

Еске салайық, өзінің соңғы жекпе-жегін Нурмагомедов қарашаның ортасында Нью-Йоркте өткізді. UFC 205 турнирінде Нурмагомедов америкалық Майкл Джонсонды үшінші раундта жеңіп, UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегорды балапан деп мазақтап, жекпе-жекке шақырды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети