Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Спорт

UFC президенті Конор МакГрегордың келесі қарсыласы кім болуы мүмкін екенін айтты 24 желтоқсан 2016, 15:19

Қараша айында UFC президенті Макгрегордың келесі жекпе-жегінің мамыр айынан бұрын болмайтынын айтқан еді.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

UFC президенті Дана Уайт ирландиялық Конор МакГрегордың келесі қарсыласы ресейлік Хабиб Нурмагомедов болуы мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Russian.rt басылымы.

"Қазір біз Ресейге көз тігіп отырмыз. Ресейде дарынды спортшылар көп. Онда бәріне танымал Хабиб Нурмагомедов те тұрады. Мүмкін Конордың келесі қарсыласы Хабиб болатын шығар", - деп келтіреді Sherdog басылымы UFC президенті Дана Уайттың сөзін.

Айта кетейік, ресейлік боксшы Хабиб Нурмагомедов мансап жолындағы 24 жекпе-жегінің біреуінде де жеңіліске ұшырамаған. Сондай-ақ, қараша айында UFC президенті Макгрегордың келесі жекпе-жегінің мамыр айынан бұрын болмайтынын айтқан еді.

Подпишись на почтовую рассылку Tengrinews.kz. Получай все самое главное за неделю каждую пятницу на свой адрес.


Join Telegram