06 сәуір 2018 09:24

"UFC тарихындағы ең келеңсіз жайт. Уайт МакГрегордың әрекетіне қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS/Las Vegas Sun/Steve Marcus © REUTERS/Las Vegas Sun/Steve Marcus

UFC басшысы Дана Уайт Конор МакГрегор мен Артур Лобовтың UFC-223 турнирінің қатысушыларына жасаған шабуылға қатысты ұйымның тарихында болмаған келеңсіз жайт екенін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.


UFC басшысы Дана Уайт Конор МакГрегор мен Артур Лобовтың UFC-223 турнирінің қатысушыларына жасаған шабуылға қатысты ұйымның тарихында болмаған келеңсіз жайт екенін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Сондай-ақ ол ресейлік боксшы осы оқиғадан кейін жарысқа қатыспайтыны жайлы айтты. "Артем турнирден шеттетілді. Оның жекпе-жегі өтпейді", - деді Уайт. 

Оқиға Бруклинде болды. МакГрегор достарымен бірге автобуста отырған UFC-223 қатысушыларына шабуыл жасады. Ирландиялық спортшы автобустың алдыңғы терезесін шағып тастаған, соның салдарынан америкалық файтер Майкл Кьеза зардап шекті. 

Нью-Йорк полициясы МакГрегорды қамауға алу туралы ордер алды. 

YouTube желісіндегі MMAnytt.se арнасында жарияланған видеода спортшы тосқауылды көтеріп, бірнеше спортшы отырған автобусқа шабуылдауға ұмтылады.

Журналист Ариэль Хельванидің айтуынша, осы кезде автобустың ішінде ресейлік файтер Хабиб Нурмагомедов болған. Сондай-ақ осы тәртіпсіздіктер салдарынан америкалық Майкл Кьеза зардап шеккен.  

UFC 223 турнирі қарсаңында ресейлік файтер Хабиб Нурмагомебов пен Артем Лобов жанжалдасып қалды.

Желіде спортшылардың Нью-Йорктегі қонақүйлердің бірінде ерегескені түсірілген видео таралып жатыр. Нурмагомедов ашулы, бір сәтте тіпті Лобовтың желкесінен ұстайды. Қақтығыс түсірілген видеода қазақстандық воркаутшы, соңғы кезде әйгілі Конор МакГрегор болып пранк ұйымдастыру арқылы танылған Ислам Бадургов та бар. Таяуда Ислам ММА-ға өтетінін мәлімдеген Бадурговты ашуға берілген ресейлік шапалақпен ұрған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети