18 ақпан 2014 10:30

Ұлттық құрама боксшылары WSB сериясында жұдырықтасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Данияр Елеусінов. Сурет: kfb.kz Данияр Елеусінов. Сурет: kfb.kz

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны, 2013 жылғы әлем біріншілігің чемпионы Данияр Елеусінов WSB топтамасында еліміздің намысын қорғайтын "Astana Arlans" командасының сапында жұдырықтасатын болды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 69 келі салмақтағы Данияр Елеусінов бұл топтамадағы алғашқы жекпе-жегін 1 наурыз күні польшалық "Poland Hussars" командасына қарсы өткізеді. Сондай-ақ 60 келіде әлем чемпионатының күміс жүлдесіне қол жеткізген Берік Абдрахманов та осы күні шаршы алаңға шығады деп жоспарлануда. Жазғы Олимпиада ойындарының және 2013 жылғы Алматы төрінде өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов те WSB топтамасындағы өзінің алғашқы жекпе-жегін өткізуі мүмкін. Ал, ұлттық құрама сапындағы 52 және 91 келідегі боксшылар "Арландар" сапына әлі де қосылмайтын көрінеді. Айта кетейік, "Astana Arlans" командасының сапында бұл күндері ұлттық құраманың боксшысы Ілияс Сүлейменов бар. Ол WSB топтамасында бір кездесу өткізіп, әзірбайжандық Эльвин Мамишзадеден жеңіліп қалған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети