Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 323.13
EUR / KZT - 367.08
CNY / KZT - 47.53
RUB / KZT - 5.43

Ұлттық құрама капитаны – Николай Антропов

07 Ақпан 2014, 15:17
0
Николай Антропов. Фото: hcbarys.kz
Николай Антропов. Фото: hcbarys.kz
Шайбалы хоккейден Францияда өтіп жатқан «Еурошақырылым кубогында» Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Николай Антропов болып бекітілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ұлттық құрама мүшелері мен бапкерлер құрамы «Еурошақырылым кубогында» Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны міндетін Николай Антроповқа сеніп тапсырыпты. Оның ассистенттері – Евгений Блохин мен Максим Семенов.

Антропов сенімді ақтап, әдеттегідей нағыз көшбасшыға, капитанға сай ойын өрнегін көрсетіп, Франция -Қазақстан кездесуінде екі голдың соғуына тікелей ықпал етті.

Айтпақшы, Қазақстан ұлттық құрамасы 4:2 есебімен жеңіске жеткен бұл матчта біздің команда мына құрамда өнер көрсетті (қақпашы Дмитрий Мальгин қосалқы құрам орындығында отырды):

Виталий Колесник; Алексей Литвиненко – Роман Савченко, Михаил Паньшин – Николай Антропов – Роман Старченко; Артемий Лакиза – Алексей Васильченко, Евгений Гасников – Фёдор Полищук – Константин Романов; Евгений Блохин – Максим Семёнов, Михаил Рахманов – Андрей Гаврилин – Алексей Анциферов; Владимир Гребенщиков – Владислав Колесников, Нұрсұлтан Белгібаев – Андрей Спиридонов – Алексей Воронцов.

Естеріңізге сала кетейік, «Еурошақырылым кубогына» әр түрлі объективті себептермен Ресей клубтарында ойнайтын Вадим Краснослободцев, Кевин Даллман, Алексей Кузнецов, Алексей Иванов сынды хоккейшілеріміз (қақпашыларымыз) қатыса алмады.

Сондай-ақ «Қазцинк-Торпедо» клубындағы ұлттық құрама мүшелері Ресейдің Жоғары хоккей лигасындағы ойындарының бір-біріне іркес-тіркес өтетіндігінен Францияға бара алмай қалды.

Сонымен қатар, «Барыс» сапындағы кейбір ойыншылар да әр түрлі себептермен ұлттық құрамамен бірге алғашқы сынға қатыспады. Мысалы, Талғат Жайлауов пен Константин Пушкаревтың елде қалғандары соңғы сәтте ғана мәлім болды.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай