Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Ұлттық спорт түрлерінен "Астана жұлдызы" республикалық турнирі өтеді

07 Қыркүйек 2016, 11:16
0
© astana.gov.kz
© astana.gov.kz

Қыркүйектің 8-10-ны аралығында Астанада "Қазанат" атшабарында ұлттық спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай бірінші "Астана жұлдызы" республикалық турнирі өтеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астананың ресми сайтына сілтеме жасап. Жарысқа Астана, Алматы қалалары мен барлық 14 облыстың командалары қатысады. 

Турнирді ұйымдастырушылар - Астана қаласының әкімдігі мен  Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы.

Қалың жұртшылық үш күн бойы қазақтың ұлттық ойындарының сан түрін тамашалай алады. Атап айтқанда, орта қашықтықтағы жүйріктердің бәйгесі өтеді. Еліміздің таңдаулы 16 командасы үш тәулік  көкпар мен аударыспақ додасының көрігін қыздырмақ. 

Теңге ілудің ең үздік шеберлері мен қыз қуудың теңдессіз жұптарының өнері назарға ұсынылады. Шу асауды жүгенсіз мінетін жүректі жігіттер асау үйрету сайысына түседі. 

Құралайды көзге атқан садақшылар құйғыта шапқан ат үстінен жамбы атып, мергендік сынасады. Үш күн бойы тоғызқұмалақ пен асық атудың бәсекесі қызады. Қыран баптап түлкі, қасқыр аулаған, қаршыға мен сұңқар баптап сан түрлі құс ілдірген құсбегілер көрсетілімі болады. 

Ор қоянды қыр асырмай ұстайтын жүйрік тазылар фестивалі "Астана жұлдызы"  турниріндегі жұрт айта жүрер қызықтың қатарын арттырады. 

Осындай ұлттық ойындардан басқа да қалың қауым сүйсіне тамашалайтын тартымды қызықтар аз болмайды. Атшабар алаңын жағалай ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, қазақтың байырғы тұрмыс-салты насихатталады. Желіде құлын жусатқан жылқылы ауылдың "Қымызмұрындығы", көгенге қой-ешкісін байлаған қойлы ауылдың, сиырлы, түйелі ауылдардың шынайы қарбалас тіршілігі қала жұртшылығына таңдай қақтырар көріністер болмақ. Шаңырақты шеңберлеп, морға салып уық иген, темір мен ағаштан түйін түйген қазақы ұсталар шеберлігі назарға ұсынылады.  

Үш күндік турнир барысында әйгілі өнер иелерінің қатысуымен өтетін концерттік бағдарламалар, қол өнер көрмелері және  тойшы қауымға арнап ұлттық тағам  түрлерінен фестивальдер ұйымдастырылады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай