31 қаңтар 2017 23:56

Универсиада-2017: мәнерлеп сырғанау мен коньки жарысы бойынша аңдатпа

ПОДЕЛИТЬСЯ

© almaty2017 © almaty2017

Универсиада-2017 қысқы ойындарына алдын ала сатылымда мәнерлеп сырғанауға ең көп билет өткен болатын. Ертең осы жарыс түрін тамашалуға болады. 1 ақпан күні Қазақстан құрамасының көшбасшысы Роман Креч алтын жүлдеге таласады. Vesti.kz порталы жарыс күнінің толық тізімін жасады.


Универсиада-2017 қысқы ойындарына алдын ала сатылымда мәнерлеп сырғанауға ең көп билет өткен болатын. Ертең осы жарыс түрін тамашалуға болады. 1 ақпан күні Қазақстан құрамасының көшбасшысы Роман Креч алтын жүлдеге таласады. Vesti.kz порталы жарыс күнінің толық тізімін жасады.

Спорт түрі: Керлинг. Топтық кезең (Ерлер, әйелдер);
Кім: Қазақстан - Норвегия (Әйелдер), Қазақстан - Жапония (Ерлер), Қазақстан - Ресей (әйелдер);
Алғашқы кездесу 09.00, екіншісі 14.00 және үшіншісі 19.00-де. Осы және арық қарайғы кездесулер Астана уақыты бойынша.

Спорт түрі: Тау шаңғысы. Комбинация (Супергигант, слалом). Ерлер, әйелдер;
Кім: Мария Григорова, Екатерина Карпова, Мартин Хубер, Сергей Данов, Александр Костров, Алексей Сысоев, Захар Кучин
Басталуы 10.00-де ("Хабар")

Спорт түрі: Коньки жарысы. Әйелдер (3000 метр), ерлер (500 метр);
Кім: Дарсиль Эссамамбо, Артем Крикунов, Станислав Палкин, Роман Креч, Эльвира Халикова, Мария Сизова, Татьяна Климчук
Басталуы 11.00-де әйелдер, ерлер 14.05-те (KazSport)

Спорт түрі: Шаңғымен қос сайыс. Ерлер;
Кім: Шыңғыс Ракпаров, Әли Айбек, Расул Гайрбеков, Вячеслав Бочкарев, Элдар Орусаев;
Трамплиннен секіру 10 - 11.00 -де, шаңғымен жарыс 15.30-да.

Спорт түрі: Шайбалы хоккей. Ерлер. Топтық раунд;
Кім: Ресей - Латвия;
Басталуы 12.30-да ("Хабар")

Спорт түрі: Мәнерлеп сырғанау. Қысқа бағдарлама. Әйелдер;
Кім: Айза Мамбекова, Жансая Адыханова, Вероника Шевелева;
Басталуы 14.30-да ("Қазақстан")

Спорт түрі: Шайбалы хоккей. Ерлер. Топтық кезең;
Кім: Канада - Ұлыбритания;
Басталуы 16.30-да ("Хабар")

Спорт түрі: Трамплиннен шаңғымен секіру. Ерлер, әйелдер;
Кім: Даяна Ахметалиева, Сабыржан Мүмінов, Сергей Ткаченко, Роман Ногин, Акрам Адилов, Станислав Анчугин;
Басталуы әйелдер16.00, ерлер 18.30-да

Спорт түрі: Шайбалы хоккей. Әйелдер. Топтық кезең;
Кім: Ұлыбритания - Қытай;
Басталуы16.30-да (KazSport)

Спорт түрі: Шайбалы хоккей. Ерлер. Топтық кезең;
Кім: Чехия - Қытай;
Басталуы 19.30-да

Спорт түрі: Шайбалы хоккей. Әйелдер. Топтық кезең:
Кім: Қазақстан - Канада;
Басталуы 20.00-де

Тау шаңғысынан жарыстар "Шымбұлақта" болады. Коньки жарысы "Медеуде", керлинг -  "Алматы Аренада", ерлер хоккейі -  "Халык Аренада", әйелдер хоккейі -  Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында. Трамплиннен шаңғымен секіру "Сұңқар" ХШТК-да, ал шаңғымен қос сайыс "Алатау" ШБК-да. Мәнерлеп сырғанау "Алматы Аренада" өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети