05 қараша 2014 13:03

Универсиада-2017 нысандары 2016 жылдың қыркүйегіне дейін дайын болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атлеттер ауылының макеті. ©Vesti.kz Атлеттер ауылының макеті. ©Vesti.kz

Универсиада-2017 нысандары кестеге сәйкес тұрғызылып жатыр, бұл туралы "Универсиада-2017" Атқарушы дирекциясы" Мемлекеттік қорының директоры Илья Оразақов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Универсиада-2017 нысандары кестеге сәйкес тұрғызылып жатыр, бұл туралы "Универсиада-2017" Атқарушы дирекциясы" Мемлекеттік қорының директоры Илья Оразақов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Біздің үш нысан қазаншұңқырдан көтерілді, іргетасы жермен теңелді және қабырғалары тұрғызылып жатыр. Бұл - үш мың адамға лайықталған, хоккейге арналған мұзайдын, Универсиада-2017 ашылу салтанаты мен жабылу салтанатын өткізуге арналған 12 мың орындық мұзайдын және 14 ғимараты бар атлеттер ауылы, - дейді Оразақов, - Бізде кесте бойынша ғимараттардың дайын болатын уақыты - 2016 жылдың шілде-қыркүйегі.  

Айта кетейік, Алматыға көктемде FISA комиссиясының өкілдері келген еді. Олардың айтуынша, Азиада-2011 шарасында қолданылған нысандар аз-кем жөндеу жұмыстарын талап етеді. "Иә, шын мәнінде, салынып қойған "Табаған", "Ақбұлақ" және "Медеу" нысандарына жөндеу жүргізу мен жетілдіру жұмысын аяқтау бойынша мәселе шешіліп жатыр. Бірақ онда жұмыс көп емес - құрал-саймандар мен материал сатып алу", - деді Оразақов.

Оның айтуынша, Универсиада-2017 нысандарын салумен үш құрылыс компаниясы айналысып жатыр. Сонымен бірге, Универсиада-2017 аясында "Көк Жайлау" демалыс орнын пайдалану туралы да пікір білдірді. Кеше, 4 қарашада демалыс орнының баспасөз маманы Бекжан Ыдырысов жарыстарды қабылдауды ойлап отырғанын айтты. "Бұл - қате пікір, бұл ақпаратты ресми түрде ешкім қарастырып жатқан жоқ", - деді Оразақов. - Біздің дисциплина үшін қазір қолда бары да (нысандар - Авт.) жетеді. Десек те, бұл - өте жақсы нысан, спорттық инфрақұрылым жөнінен халықаралық ірі жарыстарды өткізуге мінсіз жер", - деді спикер.

Ол сонымен бірге сынақ шаралары аясында тау шаңғысы спортынан "Серебряный Эдельвейс" халықаралық жарысы, керлинг бойынша Құрлықаралық кубогы, сонымен қатар солтүстік дисциплиналар бойынша жастар арасында чемпионат өтетінін айтты. Осыған дейін қала әкімі Ахметжан Есімов Универсиада нысандарын ол аяқталған соң қолдануға мүмкіндік беретіндей етіп жобалау керектігін мәлімдеді. Айта кетейік, 2013 жылдың қазан айында мұз айдыны болатын ареналарға 12 миллиард теңге жұмсалатыны хабарланған еді. Ал 2014 жылдың маусым айында "Мегаполис" газеті Алматыда үш мың адамға арналған мұзайдынға 24,4 миллард, 12 мың орындық мұзайдыны бар аренаға 44,3 миллиард теңге қаржы жұмсалатынын хабарлады. Атлеттер ауылы ең қымбат нысан болады, оны жасауға 45,7 миллиард теңге жұмсалады. Газет үш құрылыс нысанының жалпы құны 63 миллион доллар болатынын жазады. 

Айта кетейік, мұның алдында Vesti.kz порталына берген сұхбатында ҚР Студенттік спорт ұлттық федерациясының президенті Қайрат Зәкіриянов "жаңа нысандардың құрылысына қалғандарына жұмсалатын жалпы сома 25 пайызынан аспайтынын" хабарлаған болатын. Шараның ақырғы бюджеті әлі белгісіз. Универсиада-2017 - дүниежүзілік спорттық студенттік ойындар. Алматы ресми түрде 28-ші Қысқы Универсиаданы өткізетін қала болды. Ойындар бағдарламасына міндетті спорт түрлері кіреді: мәнерлеп сырғанау, тау-шаңғы спорты, сноуборд, биатлон, шорт-трек, шайбалы хоккей және керлинг.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети