06 ақпан 2017 18:07

Универсиада-2017 ойындарында шорт-тректен Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы финалға шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы өтіп жатқан 28-ші қысқы Универсиада-2017 ойындарында Қазақстанның шорт-тректен ерлер және әйелдер құрамасы финалға шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Алматы өтіп жатқан 28-ші қысқы Универсиада-2017 ойындарында Қазақстанның шорт-тректен ерлер және әйелдер құрамасы финалға шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

5000 метр қашықтықта ерлер арасындағы жарыста Қазақстан құрамасы өз тобында бірінші орын алды. Сонымен қатар іріктеу кезеңіннен финалға Ресей, Қытай және Корея құрамалары шықты. Финал ертең, 7 ақпанда, Астана уақытымен 18:01-де басталады. 

Қазақстан құрамасының сапында Абзал Әжіғалиев, Айдар Бекжанов, Денис Никиша, Нұртілек Қажығалиев және Нұрберген Жұмағазиевтер бар. 

3000 метр қашықтықта әйелдер арасындағы жарыста Қазақстан құрамасы өз тобында екінші орын алды. Сонымен қатар іріктеу кезеңіннен финалға Жапония, Қытай және Корея құрамалары шықты. Финал ертең, 7 ақпанда, Астана уақытымен 17:43-те басталады. 

Қазақстан құрамасының сапында Ким Йонг А, Анастасия Крестова, Анита Нагай, Ольга Тихонова және Мадина Жанбосыновалар бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети