03 ақпан 2017 07:40

Универсиада: 3 ақпанға арналған аңдатпа

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ертең, 3 ақпанда, жарыс жолына мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанның лидері Денис Тен шығады. Олимпиада ойындарының қола жүлдегері сағат 14.50-де шығады. Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі жарыс күнінің толық нұсқасын ұсынады. 


Ертең, 3 ақпанда, жарыс жолына мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанның лидері Денис Тен шығады. Олимпиада ойындарының қола жүлдегері сағат 14.50-де шығады. Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі жарыс күнінің толық нұсқасын ұсынады. 

Спорт түрі: Керлинг. Ерлер, әйелдер. Топтық кезең. 
Кім: Қазақстан - Канада (Әйелдер), Қазақстан - Норвегия (Ерлер), Қазақстан - Швейцария (әйелдер);
Басталуы: Бірінші кездесу 09:00-де, екіншісі 14:00-де және үшіншісі 19:00-де.

Спорт түрі: Биатлон. Із қуып жарысу. Ерлер (12,5 шақырым), әйелдер (10 шақырым);
Кім: Анна Кистанова, Алина Райкова, Галина Вишневская, Анастасия Кондратьева, Елизавета Бельченко, Дарья Усанова, Антон Пантов, Владислав Витенко, Тимур Куц, Максим Браун, Василий Подкорытов, Роман Еремин;
Басталуы: Әйелдер жарысы 12.00-де, ерлердікі 14:00-де (Хабар)

Спорт түрі: Шаңғы қоссайысы. Масс-старт. Ерлер, әйелдер;
Кім: Чингиз Ракпаров, Әли Айбек, Расул Гайрбеков, Вячеслав Бочкарев, Эльдар Орусаев;
Басталуы: Шаңғы кезеңі 10.00-де, тұғырынан секіру 14.30-да (Хабар)

Спорт түрі: Таушаңғы спорты. Әйелдер. Слалом-гигант;
Кім: Мария Егорова;
Басталуы: 10.00-де.

Спорт түрі: Фристайл. Параллельді могул (DM);
Кім: Юлия Галышева, Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков, Александр Геберт, Константин Горлачев;
Басталуы: Әйелдер жарысы 10.30-да, ерлердікі 11.00-де (KazSport).

Спорт түрі: Конькимен жүгіру спорты. Ерлер (1000 метр), әйелдер (5000 метр);
Кім: Иван Аржаников, Роман Креч, Татьяна Климчук, Федор Мезенцев, Станислав Палкин;
Басталуы: Әйелдер жарысы 11.00-де, ерлердікі 13.00-де (KazSport).

Спорт түрі: Мәнерлеп сырғанау. Ерлер. Қысқа бағдарлама;
Кім: Денис Тен, Абзал Рахымғалиев, Артур Панихин;
Басталуы: 14.50-де (Қазақстан)

Спорт түрі: Шайбалы хоккей. Ерлер. Топтық кезең;
Кім: Ресей - Жапония;
Басталуы: Басталуы 16.00-де.

Спорт түрі: Шайбалы хоккей. Ерлер. Топтық кезең;
Кім: Чехия - Қазақстан;
Басталуы: Басталуы 19.30-да (Хабар)

Спорт түрі: Шайбалы хоккей. Әйелдер. Плей-офф;

Басталуы: 20.00-де 

Ескерту!

"Шымбұлақта фристайл және таушаңғысы спортынан жарыстар өтеді. Конькимен жүгіру спорты "Медеу" мұз айдынында, керлинг - "Алматы Аренада", ерлер хоккейі - "Халық аренада", әйелдер хоккейі - Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтеді. Биатлон мен шаңғы қоссайысы "Алатау" ғимаратында өтеді. Мәнерлеп сырғанау "Алматы Аренада", ал шаңғымен тұғырдан секіру "Сұңқар" ХШТК-де өтеді. 

Сонымен қатар, барлық жанкүйер үшін спорттық нысандарға автобустар жүреді. Көліктер арнайы кесте бойынша қаланың үш нүктесінен жүреді. Орталық стадион, "Саяхат" автовокзалы және "Алматы-1" теміржол вокзалынан. 

Айта кетейік, 2 ақпанда Қазақстан құрамасы көптеген медальдарды жеңіп алды: төрт алтын және үш қола.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети