Универсиада-2017 ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының басшысы Наиль Нуров Vesti.kz тілшісіне бірнеше жарыстың кейінге шегерілуіне қатысты түсінік берді.
Универсиада-2017 ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының басшысы Наиль Нуров Vesti.kz тілшісіне бірнеше жарыстың кейінге шегерілуіне қатысты түсінік берді.
"Таңғы сағат 9-дарда Шымбұлақта шамамен 50 сантиметр қар болды. Өкінішке қарай, ереже бойынша мұндай жағдайда жарыс өткізуге болмайды. Сондықтан әйелдер арасындағы кросс ертеңге ауыстырылды. Ал сноубоурд жарысы екі сағатқа кешігіп басталды. Нәтижелерін білесіздер. Шаңғы қоссайысы да кейінге шегерілді. Себебі шаңғы қоссайысы мен трамплиннен секіру бір күнде өтуі керек болатын. Сондай-ақ, бүгінгі ауа райы биатлон мен шаңғы жарысына да әсер етті", - деді Наиль Нұров.
Еске сала кетейік, бүгін Универсиада-2017 жарыстарының ауа райының қолайсыздығына байланысты кейінге шегерілгені хабарланған болатын. Сондай-ақ, Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" РМК дауылды алдын ала ескертуі негізінде қар көшкіні жүретінін ескерткен болатын.
Айта кетейік, осыған дейін синоптиктер Қазақстанда 2017 жылдың 31 қаңтар мен 2 ақпан күндері аралығында ауа райының қандай болатынын айтқан болатын.