Универсиадада ұтыс ойынына наразы болған студент шағымынан бас тартты

16 Ақпан 2017, 20:27
0
Универсиадада ұтыс ойынына наразы болған студент шағымынан бас тартты -

Универсиаданың пәтер тігілген ұтыс ойындарына наразылық білдірген студент енді ұйымдастырушыларға шағымы жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Айта кетейік, осыған дейін 21 жастағы студент Аблимит Имиттің Универсиада билеттерін ойнату қорытындысына шағымданғаны хабарланған болатын. "Супер жүлдені ойнату кезінде алғашқы екі сан 98 болды, сосын бірнеше сан сәйкес келмеді. Ол сандарды алып тастады, кейін 4 саны шықты, олар мұндай санның жоғын айтып, ұтысты жалғастырды. Ал менің билетімде үшінші сан 4 болатын. Мұны маған пәтерді берсін деп емес, ұйымдастырушылардың ойланып, келесіде бұлай істемеуі үшін айтып отырмын. Халықты да алдамасын, ешқандай конкурс өткізбей жасай берсін, өтірік уәде берудің қажеті жоқ", - деген еді Аблимит Имит.

Осыған байланысты ұйымдастырушылар хоккей матчін көруге келген студентпен кездесті. 

"Ұйымдастырушылар неліктен осылай болғанын түсіндіріп берді. Билет турникеттен өткізіліп, бірақ билеттегі сандар базаға енгізілмей қалуы мүмкін екен. Осылайща біз бір-бірімізге шағымымыз жоқ деп келістік. Барлығын өз арамызда шештік"", - деді Аблимит Имит.

Ал Универсиада-2017 билеттеу департаментінің жетекшісі Вадим Дергачев бұл жағдайдың студенттің билетті турникеттен өткізбеуінен болып отыр деп түсіндірді. Сондай-ақ, Вадим Дергачев қазіргі уақытта осы мәселенің шешілгенін айтты.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай