04 қаңтар 2017 09:15

Усэйн Болттың орнатқан әлемдік рекордтары жойылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Усэйн Болт. © REUTERS Усэйн Болт. © REUTERS

Халықаралық жеңіл атлетика ассоциациясы (IAAF) допинг дауынан кейін барлық әлемдік жетістіктің күшін жою мәселесін қарайды. Мұндай бастаманы Халықаралық спорт баспасөзі ассоциациясы өз сайтында көтеріп отыр.


Халықаралық жеңіл атлетика ассоциациясы (IAAF) допинг дауынан кейін барлық әлемдік жетістіктің күшін жою мәселесін қарайды. Мұндай бастаманы Халықаралық спорт баспасөзі ассоциациясы өз сайтында көтеріп отыр.

Ұйым көбейіп кеткен допинг дауынан кейін жеңіл атлетика осыған дейінгі орнатылған барлық рекордтың күшін жойып, "жаңа дәуірге" өтуі тиіс деп есептейді.

Осы бастамаға байланысты әлемдік рекордтарынан мансап жолын аяқтап қойған сырықпен секіруші Елена Исинбаева (28 рекорд) және 100, 200 метр және эстафетада жүгіруден әлемнің алты дүркін чемпионы Усэйн Болт  (8 рекорд) өз рекордтарынан айырылуы мүмкін. Айта кетейік, Болт 2017 жылы спорттан кетуді жоспарлаған.

Алайда IAAF бұл шешімді оң-терісін салмақтағаннан кейін жасамақшы. Айта кетейік, IAAF осы күнге дейін ресейлік 200 спортшының Ричард Маклареннің баяндамасында аты аталғанын хабарлады. Бұл спортшылар "сынақтар манипуляциясымен" айналысқан делінеді.

Еске салайық, 2016 жылдың жазында әлемді шулатқан допинг дауы шыққан болатын. Көптеген спортшы Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына қатыса алмаған еді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети