Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Ушу құрамасының бапкері Кореядағы волонтерге қатысты жайтты түсіндірді

25 Қыркүйек 2014, 20:02
0
Медет Әбжанов. Сурет vk.com сайтынан алынды
Медет Әбжанов. Сурет vk.com сайтынан алынды

Ушудан Қазақcтан құрамасының жаттықтырушысы Медет Әбжанов Кореяда волонтер-қызға қатысты болған жайсыз жайт туралы кеңірек әңгімелеп берді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Қазір Инчхон қаласында Азиада ойындары болып жатқанын еске сала кетелік. Алдында ушудан Қазақcтан құрамасының жаттықтырушысы "маған қырындады" - деп айып таққан бір қыздың кесірінен елге қайтуға тура келгендігі хабарланған.

Әбжановтың айтуынша, құрамаға көмектесіп жүрген волонтер-қыздың аты Вика. Қазақ жаттықтырушысы телефонмен сөйлесу қымбатқа түсетіндіктен онымен WhatsApp арқылы байланысып отырған.

"Менің әйелімнің аты - Бибігүл, оны телефон кітапшасына Бико деп сақтап қойғам. Жарысқа, алысқа сапарлап кеткенде кім әйелімен телефон арқылы сөйлесіп, хат жазыспай жатыр? Міне, сөйтіп телефонға жалаңаш денеммен суретке түсіп, оны әйеліме жөнелтіп жібердім, бірақ сурет байқамай Бикоға емес, Викаға кетіп қалған. Оны мен басында байқамадым да, көп ұзамай телефоным да сөніп қалды. Жергілікті сағат үште біз жаттығуға аттандық, ал кешкі жетіде жарыс басталуы тиіс болатын. Мен келгенде жігіттер "Сен не істеп қойдың?" - деп сұрады. Мен ештеңе бүлдірмегенімді айтып, аң-таң боп иығымды қиқаң еткіздім. Ақырында маған "қазір бірнәрсені түсіндіріп жатудың мағынасы жоқ, билет сатып ал да қайт" - деді. Мен кетіп қалдым, ал бұл жағдай дақпырт сөзді тіптен өршітіп жіберген. Енді мен қалай ақталарымды білмей далмын. Мен шағымданатын боламын, менің көзқарасымды тыңдамастан кім оларға Интернетте ойына келгенін жазуға құқық берді?" - дейді Әбжанов. Кеңірек мәліметті мына арадан оқи аласыздар.

Еске сала кетелік, волонтер-қыз ойынды ұйымдастырушы комитетке Әбжановтың үстінен шағымданып, арыз жазған. Бұдан кейін ушудан Қазақстан жаттықтырушысы Оңтүстік Кореядан қайтып кеткен.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай