19 ақпан 2014 14:48

Валерия Цой іріктеу кезеңінен өте алмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Валерия Цой. Сурет спортшының жеке сайтынан алынды Валерия Цой. Сурет спортшының жеке сайтынан алынды

Қазақстандық сноубордшы Валерия Цой Сочидегі Олимпиада ойындары барысында параллельді алып слалом бағдарламасының іріктеу кезеңінен өте алмады деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап. Жарыстың бірінші мүмкіндігінде швейцариялық Стефани Мюлермен сынға түскен отандасымыз 57,53 секунд уақыт көрсетіп, қарсыласынан жеңіліп қалды. Екінші мүмкіндігінде Цой словениялық Глория Котникпен сынға түсті. Бұл жолы қызыл жолақта жарыс жолына шыққан Валерия 57,04 секунд көрсетті. Дегенмен, бұл көрсеткішпен отандасымыз 1/8 финалға шыққан 16 спортшының қатарына қосыла алмады. Жалпы есепте ірікетеу кезеңін ол небәрі 23-орында аяқтады. Енді 22 ақпан күні бұл спортшы параллельді слалом бағдарламасы бойынша өнер көрсететін болады. Айта кетейік, Валерия Олимпиада ойындары барысында сноуборд спортынан ел намысын қорғап жатқан жалғыз спортшы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети