13 қазан 2019 14:30

Винокуров IRONMAN-да жеңгеннен кейінгі әсерін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Instagram/Alexandrvinokurov © Instagram/Alexandrvinokurov

Олимпиада чемпионы Александр Винокуров IRONMAN әлем біріншілігінде өзінің жас тобы бойынша үздік нәтиже көрсетуді жоспарлады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Олимпиада чемпионы Александр Винокуров IRONMAN әлем біріншілігінде өзінің жас тобы бойынша үздік нәтиже көрсетуді жоспарлады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Айта кетейік, Александр Винокуров өз жас тобында 45-49 жас аралығында IRONMAN әлем чемпионатында жеңіске жетті.

Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында спортшы Ниццада Ironman 70.3 әлем чемпионы атанғаннан кейін ендігі Конадағы (Гавайи, АҚШ) жарыста да жеңіске жету мақсаты болғандығын айтты. Жақсы дайындық үшін «Астана» велокомандасының бас менеджері арнайы демалысқа шыққан.

"Алғашқы эмоциялар - керемет! Мен жылына екі рет әлем чемпионы атандым. Ниццаның жартысында жеңіске жеткенде, әрине, Ironman-да толық жеңіске жетуге деген ұмтылыс пайда болды. Әрине, қиындықтар болды. Бірде толқын, бірде жел, содан кейін күннің ыстығы сияқты. Өткен жылғы тәжірибеден кейін мен тек жеңісті мақсат тұттым. Барлық дайындықтар бір жыл ішінде өтті. Қазаннан бастап демалыс алдым, ерте келдім. Ыстыққа және уақыт белдеуінің өзгеруіне үйренуім керек болды", - деді Винокуров.

Қазіргі уақытта үлкен триатлонда маусымның басты старты Коне (Гавай, АҚШ) қаласында өтіп жатыр. Олимпиада чемпионы өз қоржынына Ironman ең басты турнирінде әлем чемпионы бас жүлдесін салды. Винокуров 3,8 шақырымды 1:09:06-да жүзіп өтті. Осының арқасында ол 148-ші орын алды. Винокуров велокезеңде өз шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Александр 180 шақырымды 4 сағат 21 минут 6 секундта бағындырды. Осы жарыста қазақстандық спортшы көшбасшы болды. Жүгіру кезеңі, марафон кезінде, Винокуров 3 сағат 12 минут 17 секундта мәреге жетті. Жарыстың үш кезеңіне жұмсаған уақыты 8:48:24. Өз жасындағылар арасында ол үздік нәтиже көрсетті. Ал барлық қатысушылар арасында ол 43-ші болды. Былтыр, ол осы жарысты 9 сағат 13 минут 38 секундта бағындырып, алтыншы болған еді. 

Айта кетейік, Коне қаласында өткен әлем біріншілігіне қазақстандық Дина Саян, Павел Артюшенко және Алексей Сидоренко қатысты. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети