24 сәуір 2014 11:07

WSB жобасының финалдық кездесуі Лондонда өтуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Болат Манкенов. Сурет: vesti.kz Болат Манкенов. Сурет: vesti.kz

Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) финалдық кездесулері Ұлыбритания астанасы Лондонда өтуі мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Астана арландары" командасының директоры Болат Манкенов айтып берді. 


Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) финалдық кездесулері Ұлыбритания астанасы Лондонда өтуі мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Астана арландары" командасының директоры Болат Манкенов айтып берді. 

"Украинадағы саяси жағдайларға байланысты WSB сериясының финалдық кездесулері бұл елде өтпейтін болды. Сондықтан да AIBA басшылары басқа қалаларды қарастырып жатыр. Әуелде мұндай әңгіме шыққанда финалдық кездесулерді AIBA Қазақстанда өткізу туралы ұсыныс тастаған болатын. Бірақ біз ұсынысты қабыл алмадық. Одан кейін финалдық кездесулер Ресей астанасы Мәскеу мен Әзірбайжан астанасы Бакуде өтеді деп жоспарланған еді. Ал, енді AIBA басшылары финалды Лондонда өткіземіз деп ойластырып отыр. Бұл мәселе топтаманың жартылай финалдық кездесулерінен кейін анықталатын болады", - дейді Болат Тоқтарұлы. 

Айта кетейік, Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) жартылай финалда "Арландар" мен "Баку оттары" клубы арасындағы алғашқы кездесуге шығатын қазақстандық боксшылар тізімінде өзгерістер орын алды. Әуелде қосалқы құрамға енгізілген Бағдат Әлімбеков пен Сергей Деревянченко алдағы жекпе-жектерде шаршы алаңға шығатын болып шешілді. Алғашқысы 56 келі салмақта Мәди Шолақовты, ал украиналық легионер 75 келі салмақта Ерік Әлжановты алмастырды.

"Астана арландары" мен "Баку оттары" командалары арасындағы кездесуге қатысатын боксшылардың тізімі мынадай:

49 келі: Мардан Берікбаев - Хамза Наметов
56 келі: Бағдат Әлімбеков - Гаирбек Гермаханов
64 келі: Жәнібек Әжібай - Гайбатулла Гаджиалиев
75 келі: Сергей Деревянченко - Солтан Мигитинов
91 келі: Василий Левит - Абдулкадыр Абдуллаев

Еске салайық, "Астана арландары" әзірбайжандық "Baku Fires" командасына қарсы бірінші кездесуін 26 сәуірде Астанада, ал қарымта матчты 3 мамырда Бакуде өткізеді. Елордадағы кездесу республикалық "Сарыарқа" велотрегінде өтеді деп жоспарлануда.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети