19 қаңтар 2015 19:08

Юлия Галышева әлем чемпионатының қола жүлдегері болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©vesti.kz ©vesti.kz

Қазақстандық спортшы Юлия Галышева Австрияның Крайшберг қаласында өтіп жатқан фристайлдан әлем чемпионатында жұптық могулда үшінші орын алды, - деп хабарлайды Vesti.kz


Қазақстандық спортшы Юлия Галышева Австрияның Крайшберг қаласында өтіп жатқан фристайлдан әлем чемпионатында жұптық могулда үшінші орын алды, - деп хабарлайды Vesti.kz

Бұл дисциплинада ақтық сайыста канадалық Жюстин Дюфур-Лапуантты артта қалдырған америкалық спортшы Ханна Кирни әлем чемпионы атанды. Кіші финалда Қазақстандық могулшы канадалық Клоэ Дюфур-Лапуанттан озық болса да, жартылай финалда Ханна Кирниге есе жіберіп қойды. Бұл туралы толығырақ ақпаратты мына жерден оқи аласыздар.

Еске сала кетейік, жексенбі күні, 18 қаңтарда Юлия Галышева могулдан жарыста бесінші орынды місе тұтты. Бұл дисциплинада Канададан келген спортшы Жюстин Дюфур-Лапуант әлем чемпионы болды.

Фристайлдың могул түрінен сынға түсетін қазақстандық спортшы қыз Юлия Галышева Финляндияның Рука қаласында өткен Әлем кубогының төртінші кезеңінде жеңіске жеткен еді. Әлем кубогының төртінші кезеңіндегі жартылай финалда Юлия Галышеваның қарсыластары Ванкуверде өткен Олимпиада ойындарының чемпионы, Сочиде өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері америкалық Ханна Кирни болған еді. Дегенмен тартысты өткен бұл бәсекеде Галышева қарсыласын артқа тастап, финалдық кезеңге шықты. Айта кетейік, Юлия Галышева Сочиде өткен Олимпиада ойындарының жекелей сынында төрешілердің түсініксіз шешімі бойынша жетінші орын алып, финалдық кезеңге шыға алмаған болатын. Кейіннен ол тіпті спортты аяқтаймын деген еді. Алайда жазда Юлия бұл шешімін өзгертіп, спортқа қайта келді. Айта кетейік, Рука қаласында өткен әлем кубогының кезеңі қазақстандық спортшы үшін биылғы маусымның бірінші ірі жарысы. Енді ол Әлем кубогының бесінші кезеңіне дайындалып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети