Юлия Галышева алтын медаль жеңіп алды

02 Ақпан 2017, 13:39
0
Юлия Галышева алтын медаль жеңіп алды - © Ivest.kz
© Ivest.kz

Қазақстандық могулшы Юлия Галышева 28-ші қысқы Универсиаданың алтын медалін жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz қазақ бөлімі.

Могул спорты бойынша финал Астана уақытымен 13:00-де өтті. Финалда Галышева 73.80 ұпай жинады. Күміс медальді ресейлік Анастасия Первушина (62.13) алса, ал қола австриялық Катарина Рамзауэрге (52.05) бұйырды.

Еске салайық, іріктеу сайысының қорытындысы бойынша Галышева 67,06 ұпай жинап, финалға шыққан болатын.

Бұл Қазақстан құрамасының Универсиада ойындарында алып отырған төртінші алтын жүлдесі. Осылайша біздің құрамада 10 жүлде (4 алтын, 2 күміс, 4 қола) болды. Медальдар бойынша рейтингте мына жерден көре аласыздар.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай