24 қазан 2014 15:35

Юлия Галышева спортпен қоштаспайтын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Altaynews.kz ©Altaynews.kz

Қазақстандық могулшы Юлия Галышева карьерасын аяқтау туралы ойынан қайтты және қазір ол дисциплинасын өзгертті. Бұл туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне айтты.


Қазақстандық могулшы Юлия Галышева карьерасын аяқтау туралы ойынан қайтты және қазір ол дисциплинасын өзгертті. Бұл туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне айтты.

"Мен өнер көрсететін боламын, бірақ енді слоупстайлда. Бұл шешімді федерация шығарды (сноуборд және фристайл - Авт.) Могулда да шығамын, бірақ басқа бапкермен. Демеуші таптық, енді карьерамды жалғастыра беремін. Маған ыңғайлы жағдай ұсынды", - дейді Юлия Галышева. - Жақында Еуропада жиналамыз, Швейцарияда болуы керек. Содан кейін Финляндияда Әлем кубогы болады, соған қатысамын. Әзірше жоспар осындай, ал маусымға келер болсақ, әзірше күнтізбе құрмадық, - деді спортшы.

Айта кетейік, Юлия Галышева Сочидегі Олимпиада қорытындысындағы сәтсіздіктен кейін, ол карьерасын аяқтайтынын мәлімдеген еді. Ол Сочиде бұра тарту болғандығын, сондықтан да оның әлемдік біріншіліктерге қатысуға ниеті жоқтығын айтты. Олимпиадада Галышева могул бойынша жетінші орын алды, бұл қорытындыға қатысты сарапшылар төрешілермен келіспеген еді. Ал спортшының өзі үздік алтылыққа кіруі керек болғанын айтты. Кейін ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев Юлия Галышева 2014 жылғы Сочи Олимпиадасына қатысқаны үшін мадақталатынын мәлімдеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети