24 ақпан 2014 12:21

Юрий Красножан Еуропа біріншілігінің жеребесі туралы пікірін білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Юрий Красножан. ©РИА Новости Юрий Красножан. ©РИА Новости

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Юрий Красножан Еуропа біріншілігінің іріктеу кезеңіне тартылған жеребе туралы пікірін білдірді деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап. "Біз қиын топтардың біріне түстік. Бірақ, біз жеребе алдында мықты ұжымдармен ойнағымыз келген. Топтағы негізгі бәсеке Голландия, Чехия, Түркия сынды фаворит командалардың арасында жүреді. Исландия құрамасының соңғы нәтижелеріне қарап, бұл команданы да мықтылардың қатарына қосуға болады. Біздің бұл іріктеу кезеңіндегі басты мақсатымыз - келесі Еуропа біріншілігінің жеребесінде алтыншы ұяшықтан бесінші ұяшыққа ауысу", - дейді Красножан Uefa.com сайтына берген сұхбатында. Айта кетейік, Юрий Красножан Қазақстан құрамасының тізгінін 7 ақпан күні ұстаған болатын. 50 жастағы ресейлік маманмен Қазақстан футбол федерациясының басшылары 2+2 жүйесінде келісім-шартқа отырған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети